Қыркүйектен бастап Қазақстанда мобильді аударымдарды тексерудің жаңа ережелері күшіне енеді. Биыл үш айға 1 миллион теңгеден астам шекті мөлшерлеме енгізіледі. Мемлекеттік кірістер комитеті ақшалай аударымдар қандай жағдайда кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс ретінде есептелетінін түсіндірді.
Бұл ретте 100 түрлі адамнан түсетін сома ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асуға тиіс. 2025 жылы ең төменгі жалақы – 85 мың теңге. Осылайша, биыл бұл сома 1 020 000 теңге болмақ.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, банктер белгілі бір уақыт аралығында мобильді аударымдар саны мен мөлшері белгіленген өлшемнен асып кеткен тұлғалар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына жібереді.
Осыдан кейін салық органдары келіп түскен мәліметтерге талдау жасайды. Осылайша мобильді аударымдарды бақылау жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейтін тұлғаларға әсер етпейді.
Кәсіпкерлік қызмет белгілері анықталған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары жеке тұлғаға анықталған бұзушылықтарды жою туралы ескертпе жібереді. Ескертпені орындауға оны алған күннің ертесінен бастап 30 жұмыс күні беріледі.
Ескертпе орындалмаған немесе ішінара орындалған жағдайда, салық органы тақырыптық салық тексеруін (бір тақырыппен/сұрақпен шектелген) тағайындайды.
Дереккөз: Stan.kz





