Талдықорған: +21°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

2026 жылы ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз қалады

21.08.2025
КҮНДЕРЕК
2026 жылы ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз қалады

7-su.kz/ Аяулым Шынгаева

WhatsAppTelegramFacebook

Үкімет ең төменгі жалақыны (АЕК) 85 мың теңгеден  көтермейтін болды. Бұған дейін вице-премьер — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ең төменгі жалақыны көтеру керектігімен келіскен болатын. Алайда ол инфляцияның өсуіне және өндірістік шығындардың өсуіне себепкер болмау үшін мұны абайлап және кезең-кезеңмен жасау керектігін атап өтті. 

Бұған дейін Еңбек министрі Светлана Жақыпова 2025 жылдың соңына дейін жалақы көлемін арттыру мүмкіндігі қарастырылатынын айтқан. Алайда Қаржы министрі Мәди Тақиев бұл тек есеп-қисап екенін, нақты шешім қабылданбағанын түсіндірді.

«Біз есеп жүргіздік. Орташа есеппен бұл көрсеткіш 90 мың теңге болуы тиіс. Бірақ қазіргі жағдайды ескере келе, бұрынғы деңгейде қалдыруды жөн көрдік»,  деді министр.

Ал Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин: «Қазірше ең төменгі жалақыны өсіру жоспарда жоқ. Қазіргі мөлшері – 85 мың теңге»,  деп нақтылады.

Экономист Арман Бейсембаевтың айтуынша, ең төменгі жалақыны (АӘТ) арттырмау – елдегі бюджеттік шектеулерден туындаған амалсыз қадам.

«Мәселе халықтың жағдайында емес, оны көтеруге қазынада қаражат жоқ», – дейді ол.

Сарапшының мәліметінше, бюджеттегі 10 трлн теңгеге жуық тапшылық ең төменгі жалақыны өсіруге мүмкіндік бермейді. Себебі АӘТ өссе, басқа да жалақы түрлерін индекстеу қажет болады, бұл тапшылықты күшейтеді.

Бейсембаев бұған дейін АӘТ-ті орташа жалақыға сәйкестендіру әдісі қаралғанын айта отырып, егер бұл ұсыныс іске асса, жалақы 150 мың теңгеге жетуі тиіс еді дейді. Алайда жобадан бас тартуға тура келген.

Сарапшы қазіргі АӘТ нақты экономикалық көрсеткіштерге негізделмегенін және инфляцияны ескермейтінін атап өтті.

«Баға өсіп жатқанда, АӘТ бұрынғы деңгейде қалса, халықтың сатып алу қабілеті төмендей береді»,  дейді ол.

Арман Бейсембаев инфляция мен бюджеттік тапшылықтан бөлек, ең төменгі жалақыны өсіруге кедергі келтіріп отырған бірқатар жүйелі себептерді атады. Сарапшының пікірінше, бұл — еліміздегі төмен еңбек өнімділігі, экономиканың әртараптандырылмауы және шикізатқа тәуелділік.

«Біз табиғи рентаны жеп қана қоймай, экономиканы дамытуға пайдалануымыз керек еді», дейді ол.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық пен капиталдың сыртқа кетуі де ел ішінде экономикалық серпіннің әлсіреуіне ықпал етіп отыр. Бұл факторлар азаматтардың әл-ауқатын көтеруге кері әсерін тигізуде.

Сарапшының сөзінше, Қазақстан биыл ЕАЭО елдері ішінде жалақы өсімі бойынша соңғы орынға түскен. Мұның бәрі әлеуметтік шиеленіске себеп болып, тек АӘТ көлемін емес, жалпы экономикалық жүйені қайта қарау қажеттігін көрсетеді.

Сарапшы Сапарбай Жобаевтың айтуынша, 2026 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден 95-100 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін еді.

«Бізде инфляция онсыз да жоғары. «Инфляцияға және бюджет тапшылығының ұлғаюына осы ықпалды орташа жалақыға дейінгі шекте бюджеттік және мемлекеттік органдардың жалақысын кезекті индекстеуді жүргізе отырып, компенсациялауға болады. Бізде инфляцияның негізгі себебі билік құрылымдарының жоғары жалақыларының өсуі және/немесе индекстелуі болып табылады» дейді сарапшы.

Дереккөз: egemen.kz

Қатысты жаңалықтар

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

12.07.2026
Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
Ата-ана, саған айтам…

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.