Талдықорған: +17°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Елдік мүдде – ең биік өлшем

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының өкілдері Жетісу өңіріне арнайы келді. Жергілікті БАҚ өкілдерімен бірлесіп баспасөз турын өткізді. Облыс орталығы мен Сарқан ауданындағы аутизм және басқа да психикалық бұзылыстары бар балаларға арналған мекемелердің жұмысымен танысып, «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде Абай атындағы мектеп-гимназияға барды.

23.08.2025
КҮНДЕРЕК
Елдік мүдде – ең биік өлшем

Дмитрий ЕРОФЕЕВ

WhatsAppTelegramFacebook

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Жетісу облысында денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру, спорт сынды негізгі 4 бағыт бойынша 6,7 млрд. теңгеге 22 жобаны жүзеге асырған. Соның ішінде Талдықорғандағы «Аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығына» қолдау білдірген. Бүгінде бұл коммуналдық мемлекеттік мекеме стандартқа сәйкес 1,5 жастан 18 жасқа дейін аутизмі және басқа да менталдық бұзылулары бар мүгедек балаларды қабылдайды. Орталықта қазіргі уақытта 134 бала арнайы әлеуметтік қызметтер алуда. Мұнда 120 қызметкер жұмыс істейді.

Аталған қордың қолдауының арқасында орталық қызметінің сапасы артқан. Материалдық базасы жаңарып, дамуында ерекшелігі бар балалардың толыққанды өмір сүруіне, әлеуметтенуіне және қоғамға кірігуіне септігі тиген.

Сапар барысында ғимаратты толық аралап көрдік. Заман талабына сай жабдықталған кабинет ішіндегі не түрлі құрылғылардың жұмысымен танысып, даму жолында талпынып жүрген бүлдіршіндердің іс-әрекетіне сүйіндік. Ретін тауып мұндағы басшылармен пікір алмастық.

– Басты мақсатымыз – аутизм және басқа да менталдық бұзылыстары бар балаларға сапалы, кешенді көмек көрсету арқылы олардың әлеуметтенуіне, дамуына және өмір сапасының артуына ықпал ету. Олардың отбасыларымен де жұмыс жүргізіп, жан-жақты қолдау көрсетуді көздейміз. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауының арқасында орталық өз қызметін жаңа деңгейге көтеріп, көптеген бала мен ата-анаға кәсіби көмек көрсетуге мүмкіндік алды. Мұндағы балаларға сапалы қызмет көрсетудеміз, – дейді директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлназ Әуелбекова.

Тілшілер қауымы Сарқан қаласында ашылған «Qazaqstan halqyna» аудандық оңалту орталығына да барды. Мұндағы қызметкерлер орталықтың жұмысымен егжей-тегжейлі таныстырды. «Қазақстан халқына» қоры бұл нысанды толық қаржыландырып отырғанын атап өтті. Ғимаратта «Ottobock» вертикализаторлары, «Rifton» велоқұрылғылары мен жүйелері, «Tyrostation» көп функциялы жаттығу құрылғылары, «Атлант» пневокостюмдері, «Бақашабақ» және «Шегіртке» инновациялық төсеу жүйелері, сонымен қатар гидротерапияға арналған иммерсиялық ванна, сенсорлық бөлме, тұз шахтасы және шунгит бөлмелері бар. Орталық жыл сайын Сарқан, Алакөл және Ақсу аудандарында тұратын нейро-ортопедиялық бұзылыстары бар 600-ге дейін баланы қабылдай алады.

Оңалту орталығында қызын емдетіп жүрген, қажет еткен құрал-жабдықтардың барына қуанған Сарқан ауданының тұрғыны Ләззат Бағдатбекқызы ойын бүкпесіз жеткізді. Риясыз алғысын білдірді.

– Осы орталық ашылғалы бері баламды әкеліп жүрмін. Нәтижесі өте жақсы. Алысқа сабылмай, Алматы, Астана демей өзіміздің Сарқаннан ашылғаны бізді қатты қуантты. Ыңғайлы, жайлы, таза. Бұл жердегі мамандар жақсы қызмет көрсетуде. Осындай оңалту үйін салып берген басшыларға, атсалысқан азаматтарға айрықша алғысымды білдіремін, – деді ол.

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына Жетісу облысынан 7 тірек мектеп қатысып, олардың барлығының қор қаражаты есебінен 1 726 645 312 теңгеге материалдық-техникалық базасы жабдықталған. Соның бірі Сарқан ауданындағы «Абай атындағы мектеп-гимназиясы». Бақ өкілдері бұл жерге де ат басын бұрып, мұғалім, оқушылармен дидарласты. Мектеп білімгерлерінің жеткен жетістіктерін, істеген еңбектерін көзбен көрді.

Оқу ордасының шәкірті Шолпан Оразмолда былай дейді;

– Біздің мектебімізде жан-жақты білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Оқушылар қалаған бағыттарында өз-өздерін дамыта алады. Мысалға, мен баскетболмен шұғылданамын. Командамыз облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып жүр. Себебі, бізде жақсы жаттықтырушыдан бөлек, дайындығымызды жетілдіруге қажетті құрал-жабдықтардың бәрі бар.

Сарқан қаласындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясы заманауи оқу кабинеттерімен химия, физика, биология пәндеріне арналған зертханалармен, экология және робототехника кабинеттерімен толық жабдықталған.

Бұл мектеп 700 оқушыға арналған. Әйтсе де соңғы жылдары осында білімімді жетілдірем деушілер саны күрт артқан. «Қазіргі күні 800 оқушыдан асып отыр» – дейді мектеп директоры Нұржан Мұхтар. Соңғы 3 жылда бұл оқу орнында білім сапасы 15 пайызға жақсарған. Робототехника құрауда шәкірттер халықаралық деңгейде жеңімпаз атанған.

Баспасөз туры аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының аға-жобалау менеджері Зәуре Байменовадан да сұхбат алдық.

– Қазақта мақал бар: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Сол сияқты біздің барлық жобаларымыз серіктестер арқылы жүргізіледі. Біздің қор ашылғаннан бері денсаулық сақтау саласы бойынша Жетісу облысында жалпы сомасы 2,917 млрд. теңгеге 8 қайырымдылық жобаны, әлеуметтік қолдау саласында 486,3 млн. теңгеге 4 қайырымдылық жобаны, білім беру саласында 2 951 450 358 теңгеге 7 қайырымдылық жобаны, 348 000 000 теңгеге спортқа қатысты 2 жобаны іске асырды. Мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады, – деп атап өтті.

Адам баласының өмірлік мақсаты әрқилы. Біреу дүние жинауды, біреу атақ-даңқ қууды мұрат тұтса, енді бірі – ұрпағына ізгілік пен өнеге қалдыруды абзал көреді. Алайда барша асыл мақсаттың ішінде ең мәртебелісі – ел мүддесі үшін қызмет ету. Өйткені халыққа қызмет қылу – жекебасыңның ғана емес, күллі ұрпақтың тағдырын ойлау, келер күннің іргесін бекіту.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

12.07.2026
Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
Ата-ана, саған айтам…

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.