Талдықорған: +22°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Тағдыры – ұшында қаламның

24.08.2025
КҮНДЕРЕК
Тағдыры – ұшында қаламның
WhatsAppTelegramFacebook

Уақыт өткен сайын ажары айшықтала түсіп келе жатқан Талдықорғанның әдеби өмірі де жандану үстінде. Соның жарқын дәлеліндей осы аптаның басында Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық кітапханада мазмұнды да әсерлі кеш өтті. Белгілі ақын, Халық-аралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ержан Алаштуған жүргізген бұл кеш Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Гүлбақыт Қасен шығармашылығына арналды.

Бұл күні кітапхананың кең залына жиналған жырсүйер қауымның қарасы мол болды. Өздерінің жүрек қалауымен келген жұртшылық дәл осы сәтте төгіп өткен нөсер жаңбырдың өзін жақсы ырымға – Жаратқанның нұрына балап, кеште айтылған әр сөзге ілтипатпен құлақ түрді. Өз кезегінде кештің де жаттанды қалыпта жалаң өтпегенін – әркім өз ойын ашық білдіре алатындай еркін форматта ұйымдастырылғанын да бөліп айта кетейік.

Ержан Алаштуған досы айрықша атап өткендей, Гүлбақыт Тоқтанқызы бүгінде Жетісу өңіріне ғана емес, бүкіл қазақ еліне танымал ірі ақынға айналған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Мағжан көктемі» өнер фестивалінің лауреаты, Халықаралық Әлішер Науаи атындағы сыйлықтың иегері қызмет, шығармашылық саласындағы табыстарына орай «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдерімен марапатталған. Әр жылдары «Алуа», «Бақыт гүлі», «Құсқанаты», «Жүрегімнің хаттары» атты жыр жинақтары, «Күнтұмар-Айтұмар» атты қырғыз тіліндегі аударма кітабы жарық көрген. Өлеңдері бауырлас қырғыз бен әзірбайжан, түрік, якут, сонымен қатар орыс, қытай тілдеріне аударылған.

Ақын қарындасымыздың дәл осы күні ТҮРКСОЙ Жазушылар одағына мүшелікке қабылданғаны да оның ақындық таланты бағаланғанының бір көрінісі болды десек, ешбір асырып айтқандық бола қоймайды. Бүкіл түркі әлемі елдерінің жазушылар одағын біріктіретін бірегей ұйымның төрағасы Ұлықбек Есдәулет қол қойған мүшелік билет пен төсбелгі жиын барысында салтанатты түрде табысталды. Ұйымның ұлы Абай мерейтойына орай шығарылған «Хакім Абай» медалі ақын төсінде жарқырады.

Қуаныштың қосарланып, бірнеше еселеніп келгені жақсы емес пе? Сол айтқандай, бұл күні қуаныш қосарланып Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облысындағы өкілі ақын Жангелді Немеребай мен жазушы Есболат Айдабосын, ақын Сағыныш Намазшамова мен Азамат Нұрмұқандар ТҮРКСОЙ Жазушылар одағына мүше болып қабылданып, төсбелгілерін кеуделеріне тақты.

Көңілдің көңілден су ішетіні айдай анық ақиқат. Ақын көңілі де марапат, ілтипаттан марқаяды. Сол айтқандай, бұл күні Гүлбақыт ақынға айтылған ақ тілек пен марапатта шек болған жоқ десе де болады. Алғаусыз ілтипаттың белгісіндей құшағы алқызыл гүлге толып, иығына оқалы камзол жабылды, шәйі орамал сыйланды. Мұндай марапат, сыйлық ұсынғандардың қатарында облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қалқабаева мен облыстық кітапхана директоры Самал Шаяхметованы, ақынның жерлесі, «Қазақ тілі» қоғамы Панфилов аудандық филиалының жетекшісі журналист Роза Ыстайды, ақынның қаламдас достары мен туыстарын, курстастары мен шәкірттерін атап өтуге болады.

Шәкірттер дегеннен шығады, Гүлбақыт Тоқтанқызы қазіргі атқарып жүрген қызметі – облыс әкімінің бас инспекторы қызметіне келгенге дейін мектепте мұғалім, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, колледжде директордың әдістеме жөніндегі орынбасары болды. Облыстық тілдерді дамыту басқармасында бас маман, тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Сол жылдары балдырған шәкірттерімен тығыз бірлікте жұмыс істегеннен кейін бе, ара-тұра балалар әдебиетін дамытуға да атсалысып, қалам тартып тұрады. Бұл жолғы кеште де балабақша балдырғандары әпкелерінің өлеңдерін былдырлап оқығанда залда сүйсінбеген жан қалмады. Өзі көптен бері өлеңге баулып жүрген Алуа сіңлісінің ақ тілегі де жүректен шығып, жылы қабылданды.

Гүлбақыт ақынның арқа сүйер ағалары мен ізін басқан інілеріне деген құрметі де ерекше. Сондай ағалары қатарындағы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті жазушысы Әміре Әрін мен университеттегі ұстазы ғалым Дүйсен Аңсабаев, қаламдас достары – Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облысындағы өкілі ақын Жангелді Немеребай мен белгілі жазушы, «Алтын қалам» жүлдесінің иегері Есболат Айдабосын бүгінде жарты ғасырлық биік белеске көтеріліп отырған кеш иесінің шығармашылығы жайында кеңінен толғады.
Ақын кешінде қалай жыр оқылмасын?! Тоқсан ауыз сөзді түйіндей келгенде шығармашылық кештің өзегі де осы өлеңдер болуы тиіс қой. Содан кейін де бұл кеште ақын өлеңдері көп оқылды. Әсіресе Ержан Алаштуған мен Гүлбақыт Қасеннің өзі кезектесе оқыған отты жырлар жырсүйер қауымның көңілдерінен шығып, көпшілік дуылдата қол соқты.

Ақынның дәл осы күні жарты ғасыр жасына – 50-ге толғанын жоғарыда айтып өттік. Гүлбақыт Тоқтанқызы осы мерейтойға орай облыстық кітапханаға өзінің жеке кітапханасынан 50 кітап сыйлап, жиналған кітапханашыларға «Жанр» әдеби клубының атынан Алғыс хат табыс етті. Сонымен бірге алдағы уақытта осынау даталы күнге орай атқарсам деген бірқатар игі жоспарлары барын да жеткізді.
Ақ тілектер ақтарылған бұл шара осылайша қызықты да мазмұнды өткендігімен есте қалды.

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ,
Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі

Қатысты жаңалықтар

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

Нияз Жантілеуов. «Жетісу» кез келген өзгеріске дайын

12.07.2026
Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

12.07.2026
Ата-ана, саған айтам…

Ата-ана, саған айтам…

12.07.2026
Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

Өзгенің мүлкін «меншіктеген»

12.07.2026
ISMA. Қайрат. Талант.

ISMA. Қайрат. Талант.

12.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.