Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында «Талдықорған – Үштөбе» автожолы қайта жаңғыртылып, кеңейтіледі

23 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісу облысында «Талдықорған – Үштөбе» автожолы қайта жаңғыртылып, кеңейтіледі
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында «Талдықорған – Үштөбе» автожолы реконструкцияланып, кеңейтіледі. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың Қаратал ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, өңір басшысының тапсырмасына сәйкес облыстық маңызы бар аталмыш автожолды реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаты әзірленетін болады. Жоспарға сай жөндеу жұмыстары 0-22 км және 22-48 км аралығында екі кезеңде жүргізіледі. Атап өтерлігі, реконструкциялаудан кейін жолдың қазіргі қолданыстағы бөлігінің ені 7 метрден 9 метрге дейін ұлғайтылады.

Еске салсақ, бұл жол 2013-2014 жылдары жөнделген, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оған жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп келген.

— Жол инфрақұрылымы – халықтың тұрмысына, өңірдің экономикалық өсуіне ықпал ететін маңызды бағыт. Өткен жылы ұзақ жылдар жөндеу көрмеген облыстық маңызы бар 176 шақырым «Үштөбе-Көпбірлік» автомобиль жолы тұрғындардың өтінішіне орай толық жөнделіп, пайдалануға берілді. Ендігі кезекте елді мекендердің жергілікті маңызы бар жолдары кезең-кезеңімен жөнделетін болады, — деді Бейбіт Исабаев.

Қазіргі кездеь облыстық маңызы бар «Үштөбе-Ортатөбе» және «Үштөбе-Стрела» бағытындағы автомобиль жолдарында орналасқан көпірлерге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталуы тиіс. Сонымен қатар 9 елді мекенде жалпы ұзындығы 13,2 км болатын 19 көше жолы орташа жөндеуден өткізілуде. Қазіргі кезеңде жөндеу жұмыстары Үштөбе қаласында, Қарашеңгел, Тастөбе, Жаңаталап ауылдарында аяқталды, ал Алмалы, Бастөбе, Ортатөбе, Достық, Көкпекті ауылдарындағы жол жөндеу қараша айында толық аяқталмақ.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.