Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Балалардың өмір сапасын жақсартады

26 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Балалардың өмір сапасын жақсартады
WhatsAppTelegramFacebook

Еркін ауылында мүгедектігі бар балаларға арналған иппотерапия орталығы жұмысын жандандыра түсті. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыстық «Ауған соғысы ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырып отырған жобаның қызметіне жүгінушілердің қатары шілде-тамыз айларында артқан. Екі айда екі жүзге жуық бала келіпті. Әр бала айына 12 сабақтан өтеді.

Иппотерапияның алғашқы нәтижесін ата-аналар бірден байқай бастаған. Психикалық және сөйлеу дамуы тежелген (ЗПР, ЗРР) Нұрай есімді бүлдіршіннің апасы Анар Бұхарова: «Нұрайдың ұйқысы тынышталды. Атқа мінген күні көңілі жайланып, мазасыздануы азайды», – дейді.
Қала тұрғыны Рүстем Тікенбаев немересі Әбілмансұр туралы: «Бұрын тынымсыз еді. Атқа мінуді бастағаннан бері сабасына түсіп, байсалды бола бастады», – дейді.

Мамандардың айтуынша, атқа міну кезінде баланың бүкіл бұлшық еті жұмыс істейді, омыртқаға түсетін жүктеме физиологиялық тұрғыдан бірқалыпты бөлінеді, тепе-теңдік пен қимыл үйлесімі дамиды. Ең бастысы – жүйке жүйесі тынышталып, эмоциялық реттелуі жақсарады.

Орталықта иппотерапиямен Ләззат Бекішова айналысады. Ол бұл салада 10 жылдық тәжірибесі бар маман. Сөзінше, бірінші кезекте келушілердің қауіпсіздігі сақталады. Балаға арнаулы құрал-жабдықтар қолданылып, жаттығулар әр жасқа және диагнозына қарай бейімделеді. Қызметтің жалпы алаңы 1000 шаршы метр. Аумағы кең, жылқылар күтімі талапқа сай. Қосымша ретінде кей отбасыларға саумал ұсынылады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша ашық тендер жариялаған. Нәтижесінде жобаны жүзеге асыру құқығын облыстық «Ауған соғысы ардагерлері ұйымы» иеленді. 24 маусымда келісімшарт жасалып, шілде айынан бастап балалар қабылдана бастады.

Дәрігерлік-реабилитациялық тәжірибеде атпен жүру – қимыл белсенділігін жақсартатын ерекше әдіс. Жылқының ырғақты қозғалысы адамның табиғи жүрісін қалыптастырып, бұлшық ет тонусын реттейді. Психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін бұл әдіс дене қалпын түзетуге, ұсақ және ірі моториканы дамытуға, сөйлеу тынысын, артикуляциялық бұлшық еттердің жұмысын жанама түрде белсендіруге, үрей мен гиперактивтілікті азайтуға, әлеуметтік дағдыларды бекітуге көмектеседі.

Жобаға қатысу үшін ата-аналарға тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік қорғау бөлімдеріне немесе орталыққа тікелей жүгінуге болады. Алдын ала медициналық қорытынды мен қарсы көрсетілімдердің жоқтығы тексеріледі. Сабақтар кестесі баланың жағдайына қарай реттеледі.
Иппотерапия – бір мезетте дене, жан және әлеуметтік бейімделуді қамтитын кешенді көмек. Екі айдың өзінде ондаған отбасы алғашқы оң нәтижесін көріп үлгерді. Мемлекеттік тапсырыс арқылы қолжетімді болған бұл қызмет – өңірдегі ерекше балалардың өмір сапасын арттыруға үлес қосып келеді.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.