Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Әрбір ісі үлгі

Президенттің «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі» деген сөзі еңбекқорлық пен кәсібилікті жоғары бағалау үрдісін қалыптастырды. Осындай еңбектен өз бақытын тапқан жанның бірі – ақсулық Күләш Махатова. Ол қай қызметте жүрсе де еңбектің абыройын арттыра білген жан.

26 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Әрбір ісі үлгі
WhatsAppTelegramFacebook

Күләш Зейноллақызы Барлыбек Сырттанов ауылындағы Ғ. Мұратбаев атындағы мектепте білім алған. Еңбек жолын «Қызылту» қызылша кеңшарында спорт әдіскері болып бастаған. Одан кейін кеңшардағы әртүрлі жұмыстарды жатсынбай істеді. Ауылдың дүкенінде сатушы болып, қызылшашы қауымға іздегенін тауып берді. Қызылтулықтар негізінен тәтті түбір өсірумен және мал шаруашылығымен шұғылданады. Сондықтан өсірген өнімді өлшеп, аудан орталығындағы қант зауытына өткізу үлкен іс. Мұнда жиналған өнімнің салмағын кеуіп кетпей тұрып өлшеп, жөнелту негізгі мәселе болып саналады. Сол себепті ауылдың диспетчеріне науқан кезінде таразы басында күндіз-түні отыруға тура келеді. Ауылдастары бұл жауапты жұмысқа Күләш Зейноллақызын лайық деп санады. Шаруа адамының ащы термен өсірген өнімін дәл өлшеу, зауытпен екі ортадағы сенімділікке алтын көпір бола білу – жауапты міндет. Соңғы 20 жылдай «Қазпошта» АҚ-да халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді. Пошта – дер кезінде жөнелтілген жүк, күткенін тапқан зейнеткердің қуанышы, алыстан хат алған ананың көз жасына айналған еңбек.

Ол ешқашан атақ қумай, өз ісін тыңғылықты, ұқыпты атқарды. Бірі – спорт залындағы тәртіп, бірі – дүкен таразысындағы адалдық, енді бірі – поштаның қақпасынан кірген әрбір адамды жылы қарсы алып, тыңғылықты қызмет көрсетумен ұштасты.

Істің тетігін маман шешеді. Егер пошта көлігі уақытылы аттанбаса, дүкендегі таразы дәл болмаса, диспетчерлік жүйе мүлт кетсе – сала тоқырар еді. Сол себепті Күләш Махатова сияқты жандардың еңбегі – ел тынысының өзі.

Жастарға үлгі көрсету керек дейміз. Үлгі – мінберден емес, өмірден алынатынын ұмытпайық. Бүгінгі мектеп бітіруші үшін дүкен сөресінде тұру, пошта терезесінен қызмет көрсету жай ғана қызмет болып көрінуі мүмкін. Бірақ осы «жай қызмет» арқылы елдің қуанышы еселенеді. Міндетіңді абыроймен атқарсаң ол міндет емес – мақсатқа жетудің айқын жолына айналады. Қызылту ауылының тумасы Күләш Зейноллақызының адалдығы жайлы ауылдастары: «Оған сенім артуға болады» деп баға береді.

Президенттің «еңбекқорлық пен кәсібилік жоғары бағалануға тиіс» деген ұстанымы еңбеккерлердің жүрегіне тірек болды. Күләш Зейноллақызы аз сөйлеп, көп іс істейтін адам. Біз сол еңбекті көріп, құрметтеп, кейінгі буынға үлгі етуге міндеттіміз.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.