Жетісу облысында екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
«Қол қойылған орындалған жұмыстар актілеріне қарамастан, жоспарланған тоғыз қабаттың жетеуі ғана салынған. Ғимараттарға жылу, су құбыры, электр жарығын тарту жұмыстары аяқталмаған. Сонымен қатар сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілмеген. Осылайша, құрылыс аяқталмай, нысанды пайдалануға беру мерзімдері бұзылған. Мемлекетке келтірілген шығын 152 миллион теңгеден асқан», — делінген хабарламада.
Бұл істе мердігер компанияның директоры мен оның техникалық қадағалау қызметкерлері күдікті деп танылды. Сот санкциясымен құрылыс салушының мүлкіне тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Дереккөз: Stan.kz





