Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаңғырған жамбыл мектебі

4 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Жаңғырған жамбыл мектебі

Жұмабай Мұсабеков

WhatsAppTelegramFacebook

Білім күні қарсаңында Тастөбе ауылындағы күрделі жөндеуден өткен Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп есігін айқара ашты. Облыс әкімінің орынбасары Диас ЕСДӘУЛЕТОВ ауыл тұрғындарын қуанышымен арнайы барып құттықтады.

Мектептің салтанатты ашылуында сөз алған Диас Рахметұлы:

– Жастарға сапалы білім беру, олардың ғылым мен өнерде, спортта жетістікке жетуі біз үшін басты назарда. Себебі болашақтың иесі – бүгінгі мектеп оқушылары. «Келешек мектептері» Ұлттық жобасы аясында былтыр Жаркент қаласында 1200 орынды, биыл Достық ауылында 600 орынды мектеп іске қосылды. Сонымен қатар, 6 жаңа мектептің құрылысы және 8 білім беру мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның бірі – осы мектеп, – дей келе тұрғындарды жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі тілек білдірді.

Өз кезегінде аудан әкімі Ұлан Досымбеков, мектеп құрылысын жүргізген «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС-нің директоры Қайрат Кереев, Қаратал ауданының Құрметті азаматы Мырзахан Жебегенов ақжарма тілектерін ақтарды.

Осыдан кейін шараға келген қонақтар қайта қолданысқа берілген білім ошағының ішін аралады. 1987 жылы қазығы қағылған мектеп биыл сәуір айында күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіпті. Құрылыс жұмысын жүргізген «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС оқушылар мектеп табалдырығын жаңа мектепте аттауы үшін білім ордасының құрылысын бір ай ерте аяқтапты. Жаңа мектеп барлық талаптарға сай. Мұнда жаңа лабораториясы бар физика, химия, арнайы құрылғылармен жабдықталған мультимедия кабинеттері, IT-сынып ашылған. Одан бөлек, интерактивті панельдер де назардан тыс қалмаған. Сондай-ақ, волейбол, баскетбол, жүгіру алаңы бар футбол алаңдары да салынған. Әлбетте, осының бәрі оқушылардың алаңсыз білім алып, дене шынықтырумен айналысуына мүмкіндік береді.

624 орынды мектеп қабырғасында 200 оқушы оқиды. Биыл 15 оқушы мектеп табалдырығын аттапты. Олардың да қуанышында шек жоқ.

– Мектепке жаңа лабораториясы бар физика, химия кабинеттері, интерактивті тақталар орнатылып, жылдамдығы жоғары интернет қосылды. Оқушыларға бар жағдай жасалған. Мен білім ордасын жаңа мектепте тамамдайтыныма қуаныштымын, – дейді 11-сынып оқушысы Дамир Ыдырышқызы.
Ал Құралды Нұрланбекұлы:

– Заман талабына сай салынған спорт алаңдарын көріп ерекше қуандық. Сонымен қатар, күрделі жөндеуден өткен мектебімізге интерактивті панельдер беріліпті. Бұл ұстаздар мен оқушыларға жасалған жағдай. Білім ұясын жаңалап, заман талабына сай құрылғылар орнатып берген жандарға алғысымыз шексіз, – деді. Алғашқы сыныпқа аттаған бүлдіршіндер бал тілдерімен мектеп, ұстаз жайлы тақпақ айтып, жұртты бір сүйсіндірді.
Алғашқы қоңырау соғылып, жүздері бал-бұл жайнаған оқушылар, ұстаздар қауымы жаңа мектепке кіріп, жайлы парталарға жайғасты.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.