Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда жаңа бағдаршамдар іске қосылуда

Жетісу облысының орталығындағы көшелерде жаңа үлгідегі бағдаршамдар іске қосыла бастады. Бұл жаңашылдық шаһар халқының қауіпсіздігі мен көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.

5 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Талдықорғанда жаңа бағдаршамдар іске қосылуда
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, биыл шаһардағы жол қозғалысын жүйелі түрде ретке келтіру мақсатында жаңа бағдаршамдар орнатылуда. Атап айтқанда,  облыс орталығындағы Жалайыри даңғылы мен Есенберлин көшесінің, Балапанов пен Жексенбеков көшесінің қиылыстарында заманауи бағдаршамдар іске қосылса, «Жастар-1» тұрғын үй алабындағы Қадыржанов көшесі мен Жалайыри даңғылында жаңа бағыттар ашылған. Сонымен бірге оңға бұрылуға арналған бағдаршамдар да жұмыс жасауда. Мұндай өзгерістер қазірге қаладағы Ақын Сара көшесінен Қабанбай батыр көшесіне, Абай көшесінен Назарбаев даңғылына бұрылатын бағытта жұмыс жасауда.

Сала мамандарының сөзінше, жыл соңына дейін қала көшелеріне дәл осындай тағы 5 бағдаршам орнатылмақ. Олардың екеуі көлік қозғалысын реттеуге, үшеуі жаяу жүргіншілер арналған. Жаңадан енгізіліп жатқан бұл өзгерістер шаһар тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге,  көлік ағынын реттеуге мол мүмкіндік береді. Сонымен бірге қаладағы Гаухар ана көшесінде екі бағыттағы көлік қозғалысы ашылған. Бұрын біржақты қозғалыста ғана болған бұл көшеде енді көліктер қос бағытта еркін жүре алады. Әрі бұл қанаттас көшелердің жүктемесін барынша азайтады.

Еске сала кетсек, өткен жылы облысының орталығындағы Қонаев және Балапанов, Назарбаев даңғылы мен Рүстембеков сынды бір қатар көшенің қиылысындағы бағдаршамдар дыбыстық құрылғылармен жабдықталған болатын. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құрылғы еліміз бойынша тұңғыш рет сынақтан өткізілу мақсатында Талдықорған қаласында орнатылған. Құрылғының басты ерекшелігі – көзі көрмейтін, құлағы нашар еститін жандар үшін және қарттар мен балалардың көшеден өтуіне өте қолайлы әрі қауіпсіз. Аталған  дыбыс құрылғысын Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектері және «it-service Education» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері ойлап тапқан. Қазіргі уақытта бұл құрылғы жоғары сұранысқа ие.

                                                                                                                    Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.