Талдықорған: +36°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Егін орағы қарқынды

05.09.2025
КҮНДЕРЕК
Егін орағы қарқынды

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

Облыстағы ауыл шаруашылығы жұмыстары жоспарға сай атқарылып жатыр. Биыл егіс көлемі 510,7 мың гектарды құрады. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 276,3 мың гектарға егілген.

– Масақты дақылдарды ору жұмысы шілде айында басталған еді. Науқанға 11 мың трактор мен 1009 комбайн тартылды. Жоспар бойынша жалпы 711,4 мың тонна астық жиналады деп күтілуде. Қазіргі күнге дейін 215,4 мың гектар алқап орылды. Орташа өнімділік гектарына 17,4 центнерден айналуда, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Қалдыбатырұлы.

Шаруалар да мемлекеттен жан-жақты қолдау алуда. Биыл оларға 47,5 мың тонна минералды тыңайтқыш берілген. Күзгі дала жұмыстарына 7 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінсе, 421 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы лизингке алынып, жыл соңына дейін тағы 386 бірлік жеткізілмек.

Көктемгі және күзгі жұмыстарға «Кең дала» бағдарламасы аясында мемлекеттен жалпы 14,3 млрд. теңге бөлінген. Қазірдің өзінде 318 өтінім бойынша шаруаларға 7,3 млрд. теңге несие беріліпті. Бұдан бөлек, егін шаруашылығына 12,3 млрд. теңге субсидия қарастырылған.

Қазір Кербұлақ ауданындағы егін ору жұмыстары аяқталуға жақын. Ауданда ауыл шаруашылығы науқандары жоспарға сай жүзеге асып отыр. Биылғы көктемгі егіс көлемі 114 мың гектарды құрап, оның ішінде дәнді дақылдар 95,3 мың гектарға себілді. Сонымен бірге майлы дақылдар, көкөніс-бақша және мал азықтық дақылдар да жоспарланған көлемде егілген. Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 77,5 мың гектар алқап орылып, 140,4 мың тонна астық жиналды. Орташа өнімділік гектарына 18 центнер шамасында. Оның ішінде арпадан 92 мың тонна, күздік және жаздық бидайдан 48 мың тоннаға жуық өнім алынды.

Егін жинау жұмыстарына жұмылдырылған 400-ден астам ауыл шаруашылығы техникасының барлығы толық дайындықтан өткен. Сондай-ақ, күзгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай мен тыңайтқыш жеткізу тұрақты ұйымдастырылды. Бүгінге дейін шаруашылықтар 8,3 мың тонна минералды тыңайтқыш алып үлгерген. Қысқы мал азығын дайындау да жалғасып жатыр. Жоспарланған 313 мың тоннаның 250,1 мың тоннасы жиналған. Аудан шаруалары келесі маусымға сапалы тұқым қорын да қамдап жатыр. Барлығы 11,5 мың тонна тұқым сараптамадан өтіп, оның басым бөлігі І және ІІ сыныпқа жатқызылды. Қысқасы, Кербұлақ ауданында биылғы ауыл шаруашылығы жұмыстары уақытылы орындалып, өнімділік көрсеткіші тұрақты деңгейде қалыптасуда.

Өңірде жүріп жатқан науқандық жұмысқа Талдыбұлақ ауылдық округінің шаруа қожалықтары да белсене атсалысып жатқанын байқадық.

– Талдыбұлақ ауылдық округі бойынша 208 шаруа қожалығы, егін себілетін 158 мың гектар жер бар. Соның ішінде 800 гектарға бидай, қалғанына арпа себілді. Биылғы ауа райы шаруаға қолайсыз болса да, қазіргі егін жинау көрсеткіші бойынша гектар берекелілігі 18 центнерден айналуда. Енді 10 күнде егін орағы аяқталуы тиіс. Ол кездегі көрсеткіш басқаша болары анық, – дейді Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі Марат Қашқынбаев.

Осындай қарбалас жұмыс Қоғалы ауылдық округінде де жүріп жатыр. Ақ маржан бидай самсап өсіп тұрған алқап төсінде қазбауыр комбайндар қаз-қатар тізіліп, жүйткіп жүр. Егін орағына атсалысқан мамандар мен шаруа қожалық иелерінің көңілі тоқ.

«Ақмарал» шаруа қожалығының бас агрономы Жармұхамбет Шағатаевтың айтуынша, биылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан өнім көлемі жаман емес.

– Жаздың басында жауын-шашын аз болды, кейбір алқаптарда қуаңшылық байқалды. Соған қарамастан, шаруалар уақытылы агротехникалық шараларды орындап, тыңайтқыш пен жанар-жағармай жеткілікті көлемде берілді. Соның нәтижесінде орташа өнімділік гектарына 17 центнер шамасында болуда. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда тұрақты көрсеткіш. Әсіресе арпа мен бидайдың шығымы көңіл қуантады, – дейді маман.

Жалпы, облыстағы егін ору жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Астық түсімі тұрақты, көкөніс пен картоп молынан жиналуда. Қант қызылшасы да жоғары өнім бермек. Шаруалар жанар-жағармай, тыңайтқыш және қаржылай қолдаумен толық қамтамасыз етілген.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Қыз арына кір келтірген

Қыз арына кір келтірген

11.07.2026
«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

11.07.2026
Қара жолдың қамқоршысы

Қара жолдың қамқоршысы

11.07.2026
Мәртебелі мамандар марапатталды

Мәртебелі мамандар марапатталды

11.07.2026
Жетісуда ұрланған автокөлік апатқа ұшырады

Жетісуда ұрланған автокөлік апатқа ұшырады

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.