Талдықорған: +34°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ана тілің – арың бұл

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл», – дейді Ахмет Байтұрсынұлы. Ұлт ұстазының осынау сөзі талай ғасыр құндылығын құнттаған, дәстүрін дәріптеген текті қазақтың тағылымынан, адамзат баласының өмірінен айнасыз айшықталған дүние. Әлемде жыл сайын жойылып жатқан тіл мен «Могиканның соңғы тұяғындай» жер бетінен жоғалып жатқан ұрпақ бар. Алмағайып заманда ата жолы мен ұлттық сипаттан айырылмаудың ең қуаттысы тіл екенін Алаш арысы айтса, біз ғасыр бұрын толғанған дара тұлғаның даналық сөзіне сай ана тіліміздің абыройы асқақ болуы жолында қарекет етуге тиіспіз.

06.09.2025
КҮНДЕРЕК
Ана тілің – арың бұл

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Тіл мерекесіне орай Талдықорған қаласында өрнек тапқан тағылымды шараларда осынау ойды ғалымдар мен тіл мамандары, қаламгерлер баса айтты. Мемлекеттік тілдің мәртебесі әрбір азаматтың елжандылық, отансүйгіштік сезімімен биіктейтінін де тақырыпқа айналдырды.

Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл – татулық тірегі» атты салтанатты шара мен «Мемлекеттік тіл және тілдік тұлғаны қалыптастыру моделі: тарих, инновация, әдістеме» атты ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды.

Бір тәулікке созылған ғылыми конференция пленарлық мәжілістен бөлек, 3 секциядан тұрды. Әр бөлімде «Тіл» оқыту орталығының мамандары мен аудан-аудандағы жетекшілері басты құндылығымыз, ұлт танымының күретамыры болған тіл саласына қатысты зерттеулерін, баяндамаларын оқып, өзара тәжірибе алмасты.

Конференцияда алғашқы болып сөз алған қоғамдық даму басқармасы тіл және ономастика бөлімінің басшысы Ермек Ақшабаев:

– Тіл – халықтың жаны, рухани қазынасы, елдіктің ең басты белгісі. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оны қоғамдық өмірдің барлық саласында кеңінен қолдану – баршамыздың ортақ парызымыз. Осы тұрғыда тілдік тұлға қалыптастыру мәселесі – тек білім беру жүйесінің ғана емес, бүкіл қоғамның басты міндеттерінің бірі, – дей келе көпшілікті мерекемен құттықтап, конференцияға сәттілік тіледі.

Жиында алғашқы болып Жетісу университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Айжан Шыныбекова «Мемлекеттік тілдің әлеуеті және көптілді қоғамда тілдік тұлға қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады. Сол секілді, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері, магистр, PhD докторант Динара Есімбекова «Тілдік тұлға қалыптастырудағы дәстүр мен жаңашылдықтың сабақтастығы», «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Ескелді аудандық филиалының меңгерушісі, магистр, PhD докторант Әйгерім Молдабаева «Қазақ тілін меңгеруде тілдік тұлға моделін жүзеге асыру тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасап, ана тілімізге қатысты мәселелерді көтеріп, тілдік тұлға қалыптастыруды ғылыми, рухани және қоғамдық тұрғыда саралады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, «Мемлекеттік тіл және тілдік тұлғаны қалыптастыру моделі: тарих, инновация, әдістеме» ғылыми-практикалық конференциясынан кейін «Мемлекеттік тілдің тарихи қалыптасуы және даму кезеңдері», «Тіл және тұлға: тәрбие, мәдениет, құндылықтар», «Тіл үйренудегі инновациялық технологиялар: жасанды интеллект және әдістеме» тақырыбында 3 секция өтті.

Ал, 5 қыркүйекте Тіл сарайы ауласында «Тіл – татулық тірегі» салтанатты шарасы өрнек тапты. Онда жетісулық зиялы қауым өкілдері мен тіл жанашырлары сөз сөйлеп, адамзат баласының ең басты құндылығы туралы ақық ойларын ақтарды. Мерекелік кеште мемлекеттік тіл мәртебесінің биіктеуі жолында еңбек етіп жүрген жандар арнайы марапатталды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қауіп сақтықта сейіледі

Қауіп сақтықта сейіледі

11.07.2026
Қыз арына кір келтірген

Қыз арына кір келтірген

11.07.2026
«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

11.07.2026
Қара жолдың қамқоршысы

Қара жолдың қамқоршысы

11.07.2026
Мәртебелі мамандар марапатталды

Мәртебелі мамандар марапатталды

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.