Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Озық агроэкономикаға көшу үшін Үкіметтің нақты жоспары болуы керек»

8 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Тоқаев жаңа министрлік құруды тапсырды

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлық секторды дамытуға қатысты Парламент палаталарының бірлескен отырысында маңызды мәлімдеме жасады. Президент ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру үшін Үкіметтің нақты жоспары қажет екенін атап өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Президенттің айтуынша, соңғы жылдары мемлекет агроөнеркәсіп кешеніне тың серпін беру мақсатында ауқымды реформалар жүргізіп, бұрын-соңды болмаған көлемде қолдау көрсетіп отыр.

«Бұл салаға тың серпін беру үшін мемлекет соңғы жылдары реформа жүргізіп жатыр. Қомақты қаражат бөлінуде, биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге жұмсалды. Қажетті несиелер уақытында берілді. Мұндай ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болмаған. Бірақ агроөнеркәсіптің орасан зор әлеуетін толық ашуға бұл шаралардың әзірге жеткіліксіз екені анық. Мәселе қаражаттың көлемінде емес, оны тиімді пайдалану қажет», – деді Президент.

Тоқаев Үкіметтен нақты әрі жүйелі жоспарды талап етті. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған бірқатар ірі жобалар іске асырылып жатыр. Инвестицияның жалпы көлемі 2 миллиард доллардан асқан, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Өнімдер әлемнің көптеген еліне экспортталатын болады.

Мемлекет басшысы өңдеу көлемін арттыру және дайын өнімді дүкен сөресіне дейін жеткізетін тұтас желі құру әр өңірдің ерекшелігіне сай жүзеге асуы керектігін айтты. Президент үздік тәжірибені кеңінен таратуға назар аударды:

«Көптеген аймақта өндірістің барлық сатысын қамтитын үздік агрокәсіпорындар бар. Олар цифрландыру тәсілдерін жаппай енгізу арқылы өндірістің тиімділігін әлдеқайда арттырып отыр. Мұндай кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімін шығарудан бастап оны терең өңдеуге дейін толық өндірісті жолға қойған. Сондықтан осы агрохолдингтердің тәжірибесін тарату үшін барынша жағдай жасалғаны жөн. Бұл – құзырлы министрліктің және қоғамдық ұйымдардың міндеті. Мұндай қадам инновациялар мен ғылыми жаңалықтарды ауыл шаруашылығында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді», – деді Тоқаев.

Сарапшылардың пікірінше, Мемлекет басшысының бұл мәлімдемесі агросектордың болашағын айқындап, ауыл шаруашылығын озық технологияға негізделген жаңа деңгейге шығаруға жол ашады.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.