Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Пойыз жолаушылары да қол жүгінің артық салмағы үшін ақы төлеуге міндеттеледі

9 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Пойыз жолаушылары да қол жүгінің артық салмағы үшін ақы төлеуге міндеттеледі

7-su.kz/ Мақпал Әділханқызы

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда пойыз жолаушылары қол жүгінің артық салмағы үшін ақы төлеуге міндеттеледі. Енді вагонға кіргізілетін сөмкенің салмағы мен көлеміне шектеу қойылып отыр. Жүкті өлшеу міндетін жолсеріктер атқарады. Бұл жаңашылдық әзірге арнайы жүк салғыш орындары бар пойыздарда ғана іске қосылған, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алайда тұрғындар мұндай өзгерістен наразы. Олардың айтуынша, ауыр заттарды ұшақпен не таксимен тасу онсыз да қымбатқа түседі, енді пойызға да қосымша шығын шығайын деп тұр.

“Қазақстан темір жолы” бекіткен талаптарға сәйкес, “Тальго” вагондарына кірерде қол жүгінің салмағы 25 келіден, ал үш жақты көлемі (биіктігі, ұзындығы және ені) 150 сантиметрден аспауы тиіс.

Басқа вагондарда бұл шектеу сәл жеңілдетілген: салмағы 35 келіге дейін, көлемі 200 сантиметрден аспайтын жүктің кіргізілуіне рұқсат етіледі. Сонымен қатар жүкті жолсеріктерге сеніп тапсырып жіберуге қатаң тыйым салынған.

Жүк нормадан асқан жағдайда оны жолсеріктер өлшейді. Әр қосымша келі үшін жолаушылар 60 теңгеге дейін төлейді. Төлем көлемі жүрілген жол қашықтығына да байланысты есептеледі.

Егер жолаушы мен жолсерік арасында дау туындаса, қол жүкті таразымен тексеруді пойыз бастығы ұйымдастырады. Артық салмақ расталса, қосымша тариф бойынша төлем жасалады. Осыдан кейін ресми құжат рәсімделіп, жолаушы төлемді соған сәйкес төлейді. Жүк міндетті түрде жолаушы отырған пойызбен жөнелтіледі, – деп түсіндірді ҚР «Жолаушылар тасымалы» АҚ Баспасөз қызметінің PR-менеджері Сара Сахынбек Информбюро31-ге.

Жауапты мамандардың айтуынша, бұл жаңашылдықтың мақсаты – вагон ішінде жолаушыларға қолайлылықты арттыру. Дегенмен тұрғындардың басым бөлігі қол жүгінің артық салмағына төлем енгізуге қарсы.

Қазіргі таңда артық жүк үшін ақы төлеу тек бірнеше бағытта ғана жүзеге асырылады, себебі барлық пойызда арнайы жүк салғыш орындар қарастырылмаған. Ал жүкті рәсімдеместен жолсерікке беріп жіберген жолаушылар әкімшілік жазаға тартылады. Мұндай жағдайға барған теміржол қызметкері жұмыстан босатылады.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.