Талдықорғанда екі ірі зауытқа қатысты әкімшілік іс қысқартылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Прокуратура «прокурорлық сүзгі» барысында инвесторларды келісімсіз жауапкершілікке тарту деректерін анықтаған.
Қалалық полиция басқармасы «Алмаз Керамикс» ЖШС (керамикалық плитка өндірісі) мен «Қайнар-АКБ» ЖШС-ға (аккумулятор шығару) айыппұл салған болатын.
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде жалпы сомасы 300 мың теңгеден астам айыппұлдың күші жойылды.





