Талдықорған: +33°C
$ 467.41
€ 533.88
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бақытын БАҚ-тан тапқан журналист

«Қаламға және жазуға серт». Бұл саналы ғұмырын журналистика саласына арнаған қарымды қаламгер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қалалық «Талдықорған» газетінің бас редакторы Гүлжанат Нұршанованың өмірлік ұстанымы. Ақиқаттың туын үнемі биікке көтеріп, қоғамда орын алған түрлі мәселені зерттеп, зерделеп, билік пен халық арасына алтын көпір орнатуға тынымсыз еңбек етіп келе жатқан әріптес болмысы туралы сөз айтпақпыз.

14.09.2025
КҮНДЕРЕК
Бақытын БАҚ-тан тапқан журналист

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Әулиелер мекені саналған киелі Қаратал ауданында Мырзалы аға мен Рая апайдың берекелі шаңырағында шыр етіп дүниеге келген Гүлжанат Мырзалықызы бала күнінен өте зерек, алғыр, жауапты бала болды. Мектепте озат оқушылардың көшін бастаған ол І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің филология факультетінде білім алады. Жалынды жас маман біліктілігімен, ізденімпаз, алғыр, алдына қойған мақсатына жетпей тынбайтын табандылығымен біршама белесті бағындырған. Оқушы кезіндегі «дәрігер боламын» деген арманын аяқасты етіп, тіршілігін тілшілікпен ұштастырып, Талдықорған облыстық телерадиокомпаниясына редакторлық қызметке қабылданады. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықтың көтерер жүгі әр кезде де ауыр. Бірақ сол ауыртпалықты жаны нәзік болса да қасқайып көтеріп, жалпақ жұртты жайдарман жаңалықпен қуантып, халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізіп, елдік мақсат жолында қажымай, талмай еңбек етіп келе жатқан қаламгердің қоғамға берері көп.

– Журналистика мен үшін әлем. Осы мамандықтың қыры мен сырын терең үйретіп, өмірлік бағдаршам болған жақсы аға-әпкелердің есімін ерекше атап өту, ол жандарға алғыс айту – басты парызым. Ең алғаш еңбек жолымды бастағанда Талдықорған облыстық телерадиокомпаниясының директоры Аркадий Исенов жұмысқа қабылдаса, қарымды қаламгер, өмірде көргені мен түйгені мол асыл азамат Тоқтасын Сүгірбеков журналистикадағы ұстазым болды. Сұхбат алу, сұрақ қою, ақыр аяғы микрофонды ұсынуға дейін ұстазымнан үйрендім. Ол кезде қазіргідей көп жұмыс кабинетте, компьютердің алдында біте қоймайды. Салмағы шамамен 5-7 келілік «Репортерді» мойынға асып алып, жиналысқа барып, ауыл-аймақты аралап кетеміз. Қолымыз қалт етсе бірден кітапханаға бет аламыз. Кітап, газет-журналдарды парақтап қажетті ақпараттарды жинақтаймыз. Әр күнім кітапханада өткендіктен балаларымды да кітап оқуға бейімдедім. Айлық ала сала бірден энциклопедия алатынмын. Балаларым қойған сұрақтың жауабын сол жерден табатынбыз. Сол кезде-ақ балаларыма балық бермей, қармақ бергеніме қуанамын. Қазір ұлым мықты инженер, ал қызым ғылым жолында білікті маман. Бұл балаларымның тынымсыз еңбегі мен табандылықтарының арқасы. Келінім де, күйеубалам да текті жердің балалары. Олар да елдің дамуы жолында тынымсыз еңбек етуде.

Ұрпақты телеарна тәрбиелейді. Қазір жаһандану заманында біршама өзгеріс орын алғаны көпшілігімізді алаңдатпай қоймады. Десек те біз қазақы болмысымызды жоғалтпауға міндеттіміз. Телеарнада жүрген кезімізде «Шаңырақ» хабарын ашып, қоғамдағы түрлі мәселені көтердік. Жүргізушісі ретінде мықты тілші Дина Төлекова екеуміз эфирге ең алғаш ұлттық киім киіп шықтық. Біз қозғаған тақырып шешімін таппай қоймайтын. Әр мәселе шешілген сайын бағдарламаға жанымызды беріп еңбек ететінбіз. Мұндайда үйдің тірлігін де ұмытатынбыз. Мамандық таңдау мүмкіндігі қайта берілсе, тілшілікті қалар едім.

Гүлжанат Мырзалықызы журналистика саласында 30 жылдан астам уақыт қажырлы еңбек етіп, талай жас буынды тәрбиелеп келеді. 2000 жылы «Талдықорған» газеті жанынан ашылған «Қала тынысы» телебағдарламасында облыстың тыныс-тіршілігін көрермендерге таныстырумен қатар газетте түрлі тақырыпта қалам тербеді. Тынымсыз еңбегінің арқасында газеттің жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары сынды жауапты қызметті атқарды. Бүгінде қалалық «Талдықорған» газетінің бас редакторы. Ұжымдағы қызметкерлерінен жаңашылдықты, ақиқатты талап етіп, адамгершілік пен қарапайымдылықты бірінші орынға қоятын бас редактор редакциядағы жұмысты үйлестіруге келгенде қаталдық танытады. Жалпы, сырт көз үшін редакцияның іші қайнап жатқан өз алдына бөлек әлем. Тілшінің тіршілігі де мүлдем басқа. Жұмыс күні жауапты хатшымен бірге өтетін шараларды саралап, жоспарлаудан басталады. Журналистерді жиынға жіберу, оларға тапсырма беру, нөмірді жоспарлау, дизайнер беттеген газетті мұқият қарау, корректорлар оқыса да көз майын тауысып қайта оқу ол кісіге күнделікті тірліктің бір бөлшегіндей болып кеткен. Оқырман қолына дап-дайын, жұп-жұмыр дүние болып тигенше қаншама сараптаудан өтетін өнім тоғыз ай толғатып туған нәрестеңдей болатыны анық. Сол ауыр салмақты біле тұрып, нәрі мол рухани қазынаға жету қалам ұстаған әрбір жанның арман-тілегі. Тау-тас қопарғандай тебіреніп, асау толқынды теңіздей толқып, құмырсқаның тынымсыз тіршілігін бастан кешіріп, ойды оймақтай нысанасына орайластыру Гүлжанат Нұршанованың жазған мазмұнды мақаласынан айтпасақ та көрініп тұрады. Бұл қызықты әрі жауапты қызметті атқара жүріп, қаланың қоғамдық жұмысына да білек сыбана атсалысады. Қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде тұшымды ой айтып, кеңесте көтерілген әрбір мәселеге баса назар аударып қана қоймай, күрмеуі қиын мәселенің оң шешімі табылғанша тынымсыз еңбек етуде.

Кейіпкеріміздің қажырлы еңбегі еленбей қалған жоқ. Түрлі қалалық, облыстық байқауларда топ жарды. Алматы облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген «Қараталдың қарлығашы» кітабының авторы. Күні кеше ғана Гүлжанат Мырзалықызы «Ерен еңбегі үшін» медалін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алды. Бұл біз әңгімеге арқау еткен кейіпкеріміздің адал еңбегі мен ақ адал маңдай терінің жемісі.

– Заман өзгерсе де адам өзгермесе деймін. Адамгершілік қасиетті бірінші орынға қою керектігін бала күнімізден бойымызға сіңірген Мырзалы әкем мен Рая анама айтар алғысым шексіз. Мынау жарық дүниеге келгенім бірінші Жаратқанның, екінші асқар тау әкем мен ардақты жан анамның арқасы. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай аялы алақанына салып өсірген әке-шешемнің үкілі үмітін ақтау перзенттік парызым еді. Шама келгенше қос бәйтерегімнің атына кір келтірмедім. Олар салған сара жолмен жүріп, балаларыма да барынша жақсы тәрбие беруге тырыстым. Қазақы тәрбиенің бәрі Абайдың жүрегінен шыққан інжу-маржанында жатыр емес пе? Қателік жасасаң, шешімін таба алмаған мәселең болса, рухани құнсызданып жатсаң Абаймен сырласу керек. Қазіргі таңда қозғалып жатқан қоғамдық орындардағы мәдениет, әдеп дегеніміздің бәрі ананың ақ сүтімен, әкенің қанымен бала бойына дариды. Сол үшін қазақтың жігіттері рухты, намысшыл ал қыздары мықты, салмақты, текті болуы керек. Сондықтан да халқымыз тектілікті бәрінен жоғары қойған. Мынадай алмағайып заманда тектіліктен, қазақылықтан, ұлттық кодымыздан айырылып қалмасақ екен деп алаңдаймын. Біз өмір сүріп жатқан мынау жарық әлемде бала да, ана да жыламай бейбіт өмір сүрсек деген тілек қана бар.

Ұлықты ұлы Руслан мен қылықты қызы Лаурадан сүйген тәтті немере-жиендері асыл ананың, ардақты әженің ертеңге деген сенімін күшейтіп, өмір сүруге деген құлшынысын арттырып келеді. Әдемі ғұмыр кешіп, елінің дамуына тамшыдай болса да үлес қосып келе жатқан Гүлжанат Нұршанованың мақсаттары әлі де биік, армандары асқақ. Ол «халқыма бергенімнен берерім көп» деп есептейді. Жаны нәзік асыл жан ешқашан атаққа, лауазымға, билікке құмартқан емес. Өз басынан елдің қамын жоғары қоятын осындай әріптес болмысы жас ұрпаққа қашан да үлгі болары анық. Шындығында біздің мейірім мен махаббатқа зәру қоғамымыз Гүлжанат Мырзалықызындай адал, еңбекқор, ұлтжанды, мейірімді, рухты азаматтардың арқасында өрге басып келеді десек артық айтқандық болмас. Мұндай жақсы жандар барлық марапат пен құрметке лайықты.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жолаушыны жол сынайды

Жолаушыны жол сынайды

10.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Өңірде Құрылтай депутаттарын сайлауға 441 мыңнан астам адам қатысады

10.07.2026
Жаркентте екі жасөспірімді ажалдан арашалап қалды

Жаркентте екі жасөспірімді ажалдан арашалап қалды

10.07.2026
Қазақстан Қарулы күштерінде жауынгерлік даярлықтың жаңа кезеңі басталды

Қазақстан Қарулы күштерінде жауынгерлік даярлықтың жаңа кезеңі басталды

10.07.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдерге жаңа елшілерді тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдерге жаңа елшілерді тағайындады

10.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.