Талдықорған: +3°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Өнердің алтын діңгегі

16.09.2025
РУХАНИЯТ
Өнердің алтын діңгегі

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Адам баласы өнерді не үшін іздейді? Сахнаға не үшін асығады? Оның жауабы бір-ақ ауыз сөзге сыйып тұр: жанның тазаруы үшін. Театр – сол тазарудың киелі ордасы. Ол жүректі тербеп, санаға сәуле түсіреді, ойға ой қосып, болмысыңды байытады. Сырлы өнердің қоғамға сыйлайтын интеллектуалдық игілігі ұшан-теңіз.

Жетісу жұрты бұл ерекше әсерді талай жылдан бері Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрынан алып келеді. Өнер ордасы – тек қана сахналық қойылымдар ғана емес, рухани орталық, мәдениет айнасы. Әрбір жаңа маусым – халық тағатсыздана күтетін мереке болса, әрбір қойылым – көрерменге жолданған хат іспетті.

Биыл қара шаңырақ өзінің 50-ші театр маусымын салтанатты түрде ашып, Талдықорған төрінде руханияттың ұлы думаны өтті. Айтулы шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртістері Нұржұман Ықтымбаев, Лидия Каденова, Досхан Жолжақсынов сынды өнер майталмандары, сондай- ақ еліміздің түкпір-түкпірінен және таяу шетелдерден арнайы келген театр ұжымдары қатысты.

Мерекелік кеш театр тарихынан сыр шерткен тағылымды прологпен басталып, сахна мен өнердің мәңгілік байланысын паш еткен театрлар шеруімен жалғасты. Әзірбайжан, Өзбек-стан, Қырғызстан, Грузия, сондай-ақ, еліміздің әр аймағынан арнайы келген өнерпаздарды халық ерекше ықыласпен қарсы алды.

Салтанатты жиында облыс әкімі Бейбіт Исабаев сөз сөйлеп, театр ұжымының жартығасырлық жемісті жолын атап өтті. Ол өнер ордасының ел мәдениетіне қосқан үлесін жоғары бағалап, шығармашылық ұжымға ақ тілегін арнады:

– Биыл Бикен Римова атындағы драма театрының құрылғанына 50 жыл толып отыр. Бұл – Жетісудың ғана емес, барша қазақ жұртының, ұлт руханиятының ортақ тойы. Мерейтой құтты болсын!

Атаулы шара дәстүрлі «BIKEN FEST» халықаралық фестиваліне ұласып, жалғасын табуда. Салтанатты жиынға Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия және еліміздің бірнеше өңірінен театр ұжымдары арнайы қатысып отыр. Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Талдықорған төріндегі өнер мерекесінің басталуына орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Өзінің жартығасырлық ғұмырында Жетісу театрының ізденістері молайып, көркемдік көкжиегі кеңейді, тақырып аясы ұлғайып, қойылымдар қатары арта түсті. Тетар тарихында Бәйтен Омаров, Алтын Ружева, Сағат Жылкелдиев, Тілек Әбжалиев, Рубикжан Яхин, Оразғали Әбділманов, Мұхтар Қамбаров, Азат Базаргелдиев, Аслан Исаев, Өмірсерік Қалиев сияқты актерлердің, сондай-ақ, ардагерлер Жанат Чайкина, Жібек Лебаева, Талғат Теменов сынды талантты тұлғалардың қолтаңбасы қалды.

Бүгінде театр сахнасында Халық әртістері Алмахан Кенжебекова мен Әлихан Ыдырышева, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Кендебай Темірбайұлы, Серік Нұрхалық, Ғалия Темербаева, Сағындық Жұмаділ бастаған шығармашылық ұжым жемісті еңбек етуде. Актерлік құраммен қатар көркемдік жетекшілер, кәсіби режиссерлер және сахна сыртындағы қыруар істі атқарып жүрген білікті мамандардың еңбегін ерекше атап өткен жөн.

Осы жылдар ішінде театр репертуары 200-ден астам қойылыммен толықты. Қазақ және әлемдік классиктердің туындылары – Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты», «Ұлпан», Жүсіпбек Аймауытов пен Бейімбет Майлиннің «Аласапыран», Ілияс Жансүгіровтің «Исатай – Махамбет», Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат», Гогольдің «Ревизор», Шыңғыс Айтматовтың «Ана – Жер-Ана», «Жәмилә» секілді дүниелер көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Жетісулық өнерпаздар, елімізбен қатар, Түркия, Египет, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанда қазақ өнерін насихаттап қайтты.

Елу жылдық мерейтойына абыроймен жеткен театр ұжымына Мемлекет басшысының академиялық мәртебе беру жөніндегі жоғары бағасы – зор сенімнің білгісі. Алдағы бір-екі айда бұл мәртебелі атақ ресми түрде табысталатынына сенім мол.

Айта кетерлігі, театр 1975 жылы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасымен шымылдығын ашқан еді. Жартығасырлық мерейтойында да сол үрдісті жаңғыртып, тарихи қойылым қайта көрерменге ұсынылмақ. Бұл – өнер сабақтастығының, ұрпақтар жалғастығының айқын көрінісі.

Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келетін «BIKEN FEST» халықаралық фестивалі өнердің шекарасыз құбылыс екенін дәлелдеп, тәжірибе алмасудың алаңына айналды.

Жартығасырлық белеске қадам басқан театр ұжымына алдағы уақытта да жаңа жетістіктер, биік белестер, халықаралық деңгейдегі табыстар тілейміз.

Рухы биік, тағылымы терең театр өнері мәңгі жасай берсін! Мереке құтты болсын!

Осылай деген облыс басшысы ұжымның өтінішімен символдық сый ретінде жүк көлігінің кілтін табыстады. Бұл – материалдық көмек қана емес, өнер ордасына көрсетілген сенім мен құрметтің белгісі.

Бұдан соң сахна төрінде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев пен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаттары оқылып, театрдың ұлттық мәдениетті өркендетудегі орны айрықша бағаланды.

Мерекелік кеш әсем ән мен күмбірлі күйге ұласып, MEZZO тобы, эстрада жұлдызы Әсет Есжан, сондай-ақ, Д. Рақышев атындағы облыстық филармония әртістері келген қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлады. Ал, фойеде өткен көрме көрерменді тарихтың тереңіне жетеледі. Әрбір сурет, әрбір афиша – сахнада өткен сансыз тағдырлардың ізі. Бұл – тек театрдың ғана емес, тұтас өңірдің мәдени шежіресі.

Қайта жаңғырған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»

Осыдан елу жыл бұрын дәл осы сахнада алғаш шымылдығын түрген Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясы мерейтой қарсаңында жаңа қырынан қайта сахналанып, көрерменін ерекше әсерге бөледі.

Қойылымға жаңа леп бергендердің бірі – әнші-композитор Гүлнұр Нұрасыл. Ол пьесаның сахналанатынын естіген күннен бастап үлкен дайындыққа кіріскенін айтады:

– Спектакль қойылады дегеннен бастап пьесаны басынан аяғына дейін оқып шықтым. Қоюшы режиссер Болат Ұзақов ағамыз елу жылдан кейін бұл туындыны қайта жаңғыртып, музыкасын да жаңа қырынан әрлеп берсек деген ұсынысын білдірді. Әнші-композитор ретінде бірнеше ән жазып беруімді өтінді. Содан жырды оқи отырып, өткен дәуірге қайта саяхаттағандай күй кештім де бірнеше жаңа ән дүниеге келді.

Соның ішінде Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың қосыла орындайтын әнін, сондай-ақ, Қодардың Баянға қол жеткізе алмай қиналған сәтіндегі мұңлы әнін жазып бердім. Әндерімнің осындай тарихи қойылымға үйлесім тауып, сахна төрінен орын алуына баладай қуандым, – дейді өнер иесі.

Қатысты жаңалықтар

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026
Жерорта теңізіндегі маңызды серіктес: Қазақстан мен Грекия арасындағы диалог нығая түспек

Жерорта теңізіндегі маңызды серіктес: Қазақстан мен Грекия арасындағы диалог нығая түспек

05.03.2026
Ұландық жауынгерлер оқушылармен кездесті

Ұландық жауынгерлер оқушылармен кездесті

05.03.2026
WBO Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық мәртебесіне қатысты соңғы шешімін шығарды

WBO Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық мәртебесіне қатысты соңғы шешімін шығарды

05.03.2026
ІІМ ескертеді: Шетелдегі «жалақысы жоғары жұмыс» құлдыққа айналуы мүмкін

ІІМ ескертеді: Шетелдегі «жалақысы жоғары жұмыс» құлдыққа айналуы мүмкін

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.