Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Талдықорғанда аумағы 1,2 гектар жаңа саябақ ашылды

17 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Талдықорғанда аумағы 1,2 гектар жаңа саябақ ашылды

Олжас Құрмашев

WhatsAppTelegramFacebook

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Талдықорған қаласының жаңа шағын ауданында аумағы 1,2 гектар болатын жаңа саябақ ашылды. Бұл жаңа нысан Қала күні қарсаңында ашылды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Құлагер» шағын ауданындағы нысан заман талабына сай жабдықталған. Автоматты суару жүйесі орнатылып, жасыл газон төселген. Сонымен қатар аталған саябақта балалар ойын аумағы, шағын сәулет нысандары, Workout аймағы, веложол, шағын футбол алаңы, демалыс орындықтары, жаяу жүргінші жолдары және заманауи жарық шамдары орнатылған. Әрі қалада алғаш рет орнатылған. Декоративті элементтері бар кеме түріндегі «Фрегат» балалар ойын кешені орналастырылған.  Саябақта күз айында өңірдің табиғатына бейім 200-ден астам жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отырғызу жоспарланған.

Олжас Құрмашев

Жалпы облыс орталығында биыл жасыл аймақтарды жаңарту мен абаттандыруға көп көңіл бөлініп отыр. Мәселен, қараша айында «Бірлік» шағын ауданында тағы бір жаңа сквердің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен бірге «Жастар» саябағы абаттандырылуда, «Жеңіс» саябағының саябағының кіреберіс стелласы жаңартылуда, ал орталық саябақтың Қабанбай батыр көшесі жағынан кіреберісіне жаңа арка салынып жатыр.

Қаладағы абаттандыру жұмыстары жайлы тұрғындар пікір білдірді:

– Шағын ауданымызда жаңа саябақ ашылып жатыр. Енді балаларымыз үйімізге жақын жерден ойын алаңына келіп, асыр салып ойнайтын болды. Кешкі уақытта өзіміз таза ауада серуендейміз. Жаңа саябақ қала тұрғындарының қолайлылығы үшін жасалып отыр. Сондықтан оны өз үйіміздей таза ұстап, қамқорлықпен қарау әрқайсымыздың міндетіміз деп білемін, – дейді Гүлстан Қалжанова.

Олжас Құрмашев

Атап өтсек, қала күні және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Қызылтас — Тасбақа» экологиялық квесті өткізілді. Сол сияқты қала күні қарсаңында «Жастар-3» тұрғын үй массивіне табиғи газ берілді, апатты үйде тұратын бірқатар қалалық тұрғын жаңа үйге көшірілді. Ынтымақ тұрғын үй алабынан басталып, «Құлагер», «Бірлік», «Болашақ», «Мүшелтой», «Жастар» шағын аудандарын, сондай-ақ Гаухар ана секілді орталық көшелерді басып өтетін № 27 жаңа маршрут ашылды.

Еске салсақ, Талдықорғанда қала күні мерекесі 27 қыркүйек атап өтіледі.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.