Қарымды қаламгер Елжас Бейсенбек көп жыл Талдықорған облыстық «Октябрь туы» (кейіннен «Жерұйық») газеті редакторының орынбасары қызметін атқарды. Толық келген, аласа бойлы кісі еді. Үлкен-кішіні қалжыңмен қағытып жүретін Жұматай Жақыпбаевқа: «Маған да бір өлең шығарсаңшы?» десе керек. «Елаға-ау, сіздің бойыңызда кемшілік жетерлік қой. Оны айтсам жұмыстан шығарып жіберуіңіз кәдік» дейді еркелей. «Шындығын айтсаң… бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп ағасы ұрықсатын береді. Сонда Жүкеңнің айтқаны:
«Ұзындығың баладай,
Семіздігің танадай.
Замредактор боласың,
Арт жағыңа қарамай…»
Тұрлыхан КӘРІМ





