Кей өңірлерде ауа температурасы +28 градусқа дейін көтеріледі, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
«Қазгидромет» дерегінше, ел аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты көптеген аймақта жаңбыр жауады. Батыс пен оңтүстікте найзағай күтіледі. 23 қыркүйекте шығыста, 23–24 қыркүйекте оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болжануда. Таулы аймақтарда түнде жаңбыр қарға ауысуы ықтимал.
Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман байқалады. Күндізгі ауа температурасы біртіндеп 20–28 градусқа дейін жылынады. Шығыста +10…+15 градустан +15…+25 градусқа дейін көтеріледі.





