Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Таза Қазақстан»: Жетісуда ескерткіштер мен ойын алаңдарын жөндеу аяқталуға жақын

22 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
«Таза Қазақстан»: Жетісуда ескерткіштер мен ойын алаңдарын жөндеу аяқталуға жақын

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Соның ішінде 2 орталық алаң жаңартылды, ескерткіштерді қалпына келтіру – 97 %балалар ойын және спорт алаңдарын ағымдағы жөндеу — 95%, , саябақтарды абаттандыру – 84%, көп қабатты тұрғын үйлердің шатырын жөндеу – 76%, аллеяларды абаттандыру 66% аяқталды. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаевтың төрағалығымен өткен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының орындалу барысы туралы облыс әкімдігінің отырысында белгілі болды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында негізгі баяндаманы жасаған облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев өңірдегі абаттандыру жұмыстарының аяқ алысына тоқталды. Оның айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін 21 саябақ, 6 аллея, 2 сквер, 2 орталық алаң, 49 аула, 81 балалар мен спорт алаңы
абаттандырылады, соның 64 нысанында құрылыс жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің 59 шатыры мен 13 қасбеті жөнделді. Оған қоса 70 ескерткіш қалпына келтіріліп, 7,9 шақырымы арық желілері жабдықталды, сондай-ақ  152 шақырым көше жолдарына жарық шамдары орнатылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.

– «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында облыс бойынша 151 мыңнан астам адам қатысқан экологиялық акциялар ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 11 486 тонна қоқыс шығарылып. Жалпы биылғы жылдың жоспары бойынша 120 мыңнан астам түп ағаш отырғызу көзделсе, соның 56 мыңнан астамы көктемде отырғызылды түп көшет отырғызылды, қалған 65 мыңы күз мезгілінде егіледі, – деген М. Көлбаев өңірде көшет отырғызу орындарын таңдау, ағаш түрлерін іріктеу мен агротехникалық талаптарды сақтау, күтіп-баптау мен суару бойынша жүйелі жұмыс қалыптастыру және нақты климаттық жағдайларды ескеру керектігін айтты.

Сол сияқты жергілікті бақылау және «Ғарыш Сапары» спутниктік порталы арқылы жүргізілген бақылаулар нәтижесінде жалпы 618 рұқсатсыз төгілген қоқыс үйіндісі тіркелді. Қазіргі таңда олардың 577-і немесе шамамен 93%-ы толығымен жойылып, қалған 41-інде жою жұмыстары жалғасуда.

Бір атап өтерлігі, осы жылы облыста «Үлгілі елді мекен», «Таза аудан орталығы», «Таза ауыл», «Таза аула» байқаулары ұйымдастырылуда. Сондай-ақ өңірден Панфилов ауданының Талды ауылы «Үлгілі ауыл» республикалық байқауына, ал Сарқан ауданындағы «Қойтас» саябағы скверлер арасында өтетін байқауға ұсынылды.

Жиын соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев «Таза Қазақстан» бағдарламасының аймақтардағы іске асырылу барысы, кемшіліктерді жою мен өзекті мәселелердің шешімі жайлы аудан, қала әкімдерінің хабарламаларын тыңдап, жиынға қатысушыларға нақты тапсырмалар берді.

Ол өз сөзінде халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырудың, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор екенін атап өтті. Облыстық полиция департаментіне тазалық бойынша рейдтар жүргізіп, анықталған кемшіліктер бойынша заң аясында шаралар қабылдау қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар құрылыс, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан нысандардың аумағын ретке келтіру, жолдарды және елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау, аялдамалар, жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту, орман және саябақ қорларын күтіп-баптау, қалалар аумағында жасыл желектерді цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуді тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.