Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Аида Балаева: «Көшбасшы, білімді әйелдер еңбегі – Қазақстан тарихының жаңа белесі»

26 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Аида Балаева: «Көшбасшы, білімді әйелдер еңбегі – Қазақстан тарихының жаңа белесі»

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Алматыда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «BeWoman Asia» форумы өтті.

BeWoman Asia – Орталық Азиядағы әйелдер көшбасшылығының ең ірі халықаралық алаңы. Форумға жиырма елден жүзден астам қатысушы жиналды. Құрметті қонақтар қатарында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрінің орынбасары Гүлшат Асылбаева, Әзербайжан Республикасының Милли Меджлисі жанындағы Отбасы, әйелдер және балалар істері жөніндегі комитетінің төрағасы Иджран Гусейнова, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық реформалар агенттігінің Нәтижелерге қол жеткізу кеңсесінің жетекшісі Азиза Умарова, Корея Республикасының Сауда және өнеркәсіп саласындағы әйелдер халықаралық федерациясының президенті Софи Канг және басқа да беделді тұлғалар болды.

«Бүгінде қазақстандық қоғамның даму бағыттары айқын. Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа идеологиялық тұғырын қалыптастырды. Ол ұзақ мерзімді тұжырымдамаларға негізделген. Атап айтсақ, «Заң мен Тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал Азамат» бастамалары. Осы тұжырымдамаларды жүзеге асыруда бізге – көшбасшы әйелдерге, құндылықтарды сақтап ұрпақта-ұрпаққа жеткізетін аналарға жауапкершілік жүктелді. Біз жас ұрпаққа ішкі мәдениет пен заңға бағынуды, дамуға ұмтылуды, еңбекқор және жауапты азамат болуды, өз мәдениеті мен дәстүріне ұқыпты қарауды, табиғатты сүю мен адами қадір-қасиетті қастерлеуді, бірлік пен толеранттылық құндылықтарын дәріптеп, сіңіруіміз керек»,– деді Аида Балаева өз сөзінде.

Ұлттық комиссия төрағасының айтуынша, Қазақстан әйел құқықтарын қорғау көрсеткіштері бойынша әлемнің бірқатар елінен алда тұр. Дегенмен, гендерлік теңдік пен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері әлі де өзекті.

«Бүгінде Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында прогрессивті заңдар қабылданды. Заңнамалық деңгейде харассмент қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін тек жауапкершілік күшейтіліп қана қоймай, қоғамның наразылығын тудырып, ұят саналатын құбылысқа айналды. Қалыңдықты ұрлау да қатаң жазаланатын қылмысқа енді, ол үшін он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді министр.

Өз сөзін қорытындылай келе, ол форумға қатысушылар жұмысына табыс, бастамаларына сәттілік тіледі.

Биылғы «BeWoman Asia» форумы «Трансформация. Тұлға. Отбасы. Қоғам. Болашақ. Көшбасшылық. Шабыт. Бірлік» ұранымен өтті. Форум аясында цифрландыру, жасанды интеллект, бизнес және отбасы институтының құндылықтары сияқты кең ауқымды мәселелер талқыланды. Спикерлер қатарында халықаралық және қазақстандық кәсіпкерлер, зерттеушілер, журналистер мен инфлюенсерлер де болды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.