Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жаңашылдық па, жасанды жеңілдік пе?

27 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Жаңашылдық па, жасанды жеңілдік пе?

egemen.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі қоғамда ең көп талқыланып отырған тақырыптың бірі – жасанды интеллект (ЖИ). Бұл тек жаңа технологиялық жетістік қана емес, адамзат дамуының жаңа кезеңін айқындайтын бетбұрыс. Әлемдік білім беру жүйесі жедел цифрландырылып жатқан тұста Қазақстан да бұл үдерістен қалыс қалмай, өз қадамын жасап келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында: «Экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет. Қазақстан үш жыл ішінде цифрлық елге айналуы тиіс», – деп атап өтті. Бұл бастама білім саласына да тікелей қатысты. Тіпті арнайы жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру жоспары да айтылып отыр.

ЖИ-дің білім саласына ықпалы жөнінде Ескелді ауданы, М.Мәметова атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лаура Дарханова өз ойын былай жеткізді:

– Жасанды интеллект мұғалімдер үшін ең әуелі уақыт үнемдеудің құралы. Сабақ жоспарын әзірлеу, тест сұрақтарын дайындау, көрнекілік жасау сынды көп еңбекті қажет ететін шаруаларды нейрожелі бірнеше минутта атқарады. Бұл ұстазға шығармашылық ізденіске көбірек көңіл бөлуге, әр оқушының қабілетіне жеке назар аударуға мүмкіндік береді. Ал оқушы үшін ЖИ – күрделі тақырыпты бейнематериалдар мен интерактивті тапсырмалар арқылы қызықты әрі жеңіл түсінудің жолы.

Сонымен бірге, ұстаз ЖИ-дің шектеулеріне де тоқталды. Нейрожелілердің кейде жалған немесе толық емес ақпарат беру құбылысы «галлюцинация» деп аталады. Мұндай жағдайда мұғалімнің кәсіби сүзгісі аса маңызды. Ал оқушы дайын жауапқа тым үйреніп кетсе сыни ойлау қабілеті әлсіреп, ізденіс төмендеуі мүмкін. Демек, ЖИ құралдарын бейімдеп, педагогикалық іріктеуден өткізу – ұстаздың міндеті болып қала бермек.

Бүгінде ЖИ әлемнің озық елдерінде білім беру процесіне кеңінен енгізілуде. Мәселен, Финляндияда әр оқушыға жеке оқу жоспары жасалып, қабілетіне қарай тапсырмалар бейімделеді. Оңтүстік Кореяда виртуалды мұғалімдер тәжірибесі енгізілуде, бірақ бұл – ұстаздың орнын басу емес, қосымша көмек ретінде қолдану. Ал АҚШ-та мектептерде ЖИ сыни ойлау дағдыларын дамытуға қызмет етсе, университеттерде ғылыми деректерді талдаудың қуатты құралы ретінде пайдаланылады.

Қазақстан үшін маңыздысы – осы тәжірибелерді ұлттық білім жүйесіне бейімдей отырып енгізу, тіл мен әдебиет сабақтарының, рухани құндылықтардың ерекшелігін ескеру дейді маман.

Бұл тұрғыда жазушы Қанат Тілеухан да ЖИ-дің әлеуетін өз саласынан мысал келтіре отырып атап өтті:

– Жуырда қазақ баспасөзінің редакцияларында болдым. «Ақжелкен» журналы соңғы үш нөмірінің мұқабасын жасанды интеллект көмегімен әзірлеген. Бұрынғыдай дизайнер емес, нейрожелі жасаған. Бұл – ЖИ-дің журналистика саласына да еніп, пайдалы іске жарап жатқанын көрсетеді, – дейді ол.

Алайда қаламгер жасанды интеллектің теріс қолданылуына да алаңдайды.TikTok, Instagram секілді әлеуметтік желілерде қазақтың абыз қарияларының бейнесін бейәдеп сөздермен астастырып, күлкіге айналдыру – қоғам үшін қауіпті құбылыс. Оның ойынша, дәл ЖИ-дің өзін осындай теріс контентті сүзгіден өткізу үшін пайдалануға болады. Сонда ол адамға зиян емес, мәдени-рухани дамуға қызмет ететін құралға айналар еді.

Расында да, жасанды интеллект – білім беру саласына жаңа серпін беретін қуатты мүмкіндік. Бірақ ол мұғалімді алмастыратын құрал емес. Керісінше, ұстаздың еңбегін жеңілдететін, шығармашылық ізденісіне дем беретін серік қана. Мәселе – оны қалай қолдануда. Егер ЖИ-ді дұрыс бағытта пайдалансақ, білім сапасын арттырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытамыз. Ал бақылаусыз қолдансақ – дайын ақпаратқа тәуелді, сыни ойлаудан алшақ ұрпақ қалыптастыру қаупі бар.

ЖИ – бір мезетте әрі мүмкіндік, әрі сынақ. Сондықтан таңдау – біздің қолымызда.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.