Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Құбырлар жаңартылуда

29 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Құбырлар жаңартылуда

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

Облыста табиғи монополия субъектілері қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті «Жетісу Водоканал» кәсіпорнының нысандарына баспасөз турын ұйымдастырды.

Бұл шараның басты мақсаты – кәсіпорын жұмысы жайлы жұртшылыққа толыққанды ақпарат беру, сонымен қатар қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайту.

Турға облыстық мәслихат депутаттары, коммуналдық кәсіпорын өкілдері, мемлекеттік органдар, өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.

Кәсіпорынның өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Андрей Рогожиннің айтуынша, 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама көлемі 164,3 млн. теңгені құрап отыр. Қаржы кәсіпорынның өз қаражаты есебінен бөлініп, су құбыры мен кәріз жүйелерін жаңарту мен күрделі жөндеуге бағытталуда. Бұл өз кезегінде желілердің тозуын азайтып, жүйенің тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Алғашқы нысан – Талдықорған қаласындағы Желтоксан көшесі. Мұнда кәріз желілері ауыстырылуда.

– Қаладағы барлық ағынды сулардың 30 пайызы төменгі бөлікке – тубдиспансер жағына қарай ағады. Мұнда сорғы стансысы орналасқан. Сол арқылы ағынды су Кабанбай батыр көшесіне жеткізіліп, ары қарай тазарту құрылыстарына барады. Инвестжоба аясында біз Жапсарбаев көшесінен Ақылбеков көшесіне дейінгі аралықтағы 200 метр құбырды ауыстырудамыз. Болат құбырлардың орнына пластик құбыр салынып жатыр. Себебі бұл жер орта агрескур, – деді бөлім басшысы Андрей Рошков.

Келесі нысан – Өтенай ауылындағы Жансүгіров көшесі. Мұнда Жамбыл мен Абай көшесі дейінгі аралығындағы 300 метр ауызсу құбыры жаңартылуда. Бұл жерде су қысымына төзімді болат құбыр қолданылады. Сондай-ақ, апатты жағдайдағы Жаңа ғасыр және Ойжайлау көшелеріндегі диаметрі 100 құбырлар да ауыстырылатын болады.

Жалпы, инвестициялық бағдарлама аясындағы барлық жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп, жыл соңына дейін толық аяқталмақ. Сонымен бірге, кәсіпорын 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарымен бөлісті. Алдағы кезеңде су жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін арттыру бағытындағы жобалар жүзеге асырылып, тарифтік саясатқа енгізілмек.

Бір сөзбен айтқанда, «Жетісу Водоканалдың» қызметі ашықтық пен айқындыққа негізделген. Бұл қоғам мен билік арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтып, халыққа сапалы қызмет көрсетудің кепілі болып отыр.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.