«Қазгидромет» РМК синоптиктері қыркүйектің соңғы күні ел аумағында ауа райының қандай болатыны жөнінде болжам жасады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Метеорологтардың мәліметінше, 2025 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей өңірлерде қар түседі. Таңертең және түнде күн суытады.
- Шығыс пен оңтүстік-шығыста – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
- Оңтүстік өңірлерде – найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жауады.
- Солтүстік-батыста – көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады.
- Батыс пен солтүстікте – жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Үсік жүреді
Қарағанды, Ақтөбе, Абай және Батыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында сынап бағаны -3°С-қа дейін төмендеп, үсік жүруі ықтимал.
Өрт қаупі жоғары өңірлер
Синоптиктердің ескертуінше, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының бірқатар бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.





