Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Таза Қазақстан»: Ауыл ажары айшықтала түсті

30 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
«Таза Қазақстан»: Ауыл ажары айшықтала түсті

Фотоколлаж Liter.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу ауданының орталығы – Жансүгіров ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында күзгі санитарлық тазалық айлығы бастау алды. Бұл шараның негізгі мақсаты – ауылды абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.

Айлықтың алғашқы күндерінде ауыл әкімдігі, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері мен ауыл тұрғындары бірлесіп сенбілік өткізді. Әсіресе, ауыл тұрғындары жиі баратын демалыс орны – орталық саябақ түгелдей тазартылып, қоқыстар шығарылды. Жапырақтар жиналып, ағаштар мен бұталар ретке келтірілді. Бұл жұмыстар ауылдың көркін арттырып қана қоймай, табиғатты аялауға деген сүйіспеншілікті де күшейтті.

Сенбілікке ауыл жастары мен еріктілер белсене қатысып, туған жерге жанашырлық танытты. «Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, тазалық пен тәртіпке бағытталған бұл бастама жас ұрпақтың бойына туған жерге деген жауапкершілік сезімін сіңіруге ықпал етуде.

Айлық аясында тек саябақ қана емес, ауыл көшелері, мекеме аулалары, білім беру ұйымдарының маңы, арналар мен жол жиектері де тазартылмақ. Сонымен қатар, көше бойларына ағаш отырғызу, қураған бұталарды кесу, ескі құрылыс қалдықтарын шығару жұмыстары жоспарланған. Бұл жұмыстар барлық ауылдық округтерде қолға алынуда.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ұлттық деңгейдегі маңызды бастама. Ақсу ауданындағы тазалық айлығы осы бағдарлама аясында жүзеге асып, ауылдардың көркеюіне, тұрғындардың экологиялық мәдениетінің артуына өз үлесін қосуда.

Ауыл әкімдігі тұрғындарды аталған шараларға белсене қатысуға шақырып, әрбір азаматты туған жеріне жанашырлықпен қарауға үндейді.

Ербол СЫМХАНОВ
Ақсу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.