Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қамқорлық пен ізгілік мерекесі

30 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Қамқорлық пен ізгілік мерекесі
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ қоғамында қарияға құрмет көрсету – қашаннан қастерлі дәстүр. «Қарты бар елдің – қазынасы бар» деген тәмсіл де бекер айтылмаса керек. Осы дәстүрді дәріптеп, ардагерлер мен аға буынға қамқорлық көрсетуді мақсат еткен Қарттар күні жыл сайын ел көлемінде аталып өтеді.

Биылғы мереке аясында Ескелді аудандық орталық ауруханасында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Шара барысында 215 аудан тұрғыны тегін медициналық тексеруден өтті. Қариялар мен тұрғындарды қабылдауға психолог, терапевт, кардиолог, хирург және невропатолог мамандар жұмылдырылды.

Бұл күннің маңыздылығын аурухананың психолог маманы Ерлан Тұрсын атап өткен:

– Біз осындай игі шараларға әрдайым қатысамыз. Қарттарымыз арнайы келіп қаралады. Ал әлеуметтік желілерде, әсіресе Instagram парақшасында ризашылықтарын білдіріп жатады. Бұл бізге де күш-қуат береді, – дейді.

Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Өйткені қазыналы қарттарға көрсетілген әрбір қамқорлық – болашақ ұрпаққа үлгі, қоғамдағы ізгіліктің белгісі.

Жүрек жылытқан бұл шараға келгендердің бірі Шымыр ауылының тұрғыны Күлнәсия Нүсіпова.

– Өзім І топтағы мүгедекпін. Бүгін дәрігерлер тегін қарап, УЗИ-ге түсірді. Бұл – біз үшін үлкен көмек. Қызым да осы ауруханада ішегіне ота жасатқан болатын. Өкінішке қарай, мүгедектігіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы ала алмай отыр. Дегенмен, дәрігерлердің еңбегіне ризамын. Қарттарды қадірлеп, осындай қамқорлық көрсетіп жатқан жандарға алғысым шексіз, – дейді зейнеткер.

Қарттар күні тек күнтізбелік мерекеден гөрі, аға буынның қадірін білуге, олардың еңбегін бағалауға шақыратын үлкен тағылым. Ескелді аудандық орталық аурухана ұжымы ұйымдастырған Ашық есік күні осының жарқын көрінісіне айналды.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ
Ескелді ауданы

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.