Талдықорған: +30°C
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жарнамадағы қателік – тіл қасіреті

16.03.2025
КҮНДЕРЕК
Жарнамадағы қателік – тіл қасіреті
WhatsAppTelegramFacebook

«Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы,  біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, жапан түзде үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр» – деп  Мағжан Жұмабаев ұлттың ұжымағы турасында қаймақты сөз дестелейді. Арада бір ғасыр жылжығанымен Алаш зиялысы айтқан қазақтың тілінде толассыз қате мен сауатсыздық өршіп тұр. Тұғырлы елдің тұнығы болған мемлекеттік тілдің мәртебесі жаға ұстарлық жағдайда.

Жарнама қаланың бет-бейнесін қалыптастыратын, тыныс-тіршілігін таныстыратын қажетті құрал. ҚР-ның «Тілдер туралы» заңының 21-бабында: «Жарнама қазақ және орыс тілінде, қажет болған жағдайда өзге тілде жазылуы қажет», – делінген. Дегенмен заңға немқұрайды қарап, бағынбайтындар қаншама?! Мағынасыз аударма, әріптік қате мен оңды-солды қойылған тыныс белгілері адым аштырмайды. Тіл мамандары ақпараттың сауатсыз жазылып жүргені жайында дабыл қаққанымен жарнамадағы қателер азаяр емес.

Ономастика бойынша жаңа заңға жүгінсек, орфографиялық қателік үшін жарнама иесіне 10 АЕК-тен 50 АЕК көлемінде айыппұл салынуы керек. Бір айлық есептік көрсеткіш  қазіргі таңда 3932 теңге екенін ескерсек, мемлекеттік тілде қателік жіберіп жаңылысатын жарнама берушілер үшін бұл айыппұл аздық етеді емес пе?! Қате мен жіберілген олқылықты көзбен көру мақсатында Талдықорғандағы белгілі жарнама иелерімен кездестік. Қуантары, қазақ тілінің жанашырлары бар екен. Кейбір жеке кәсіпкерлер сөзге келместен қателерін түзетуге келісті. Атап айтсақ, асханалар желісінде палау сөзі  орыстың плов сөзімен асхана маңдайшасында жазылған. Спорттық дүкен желісінде «время для спорта» сөзі аудармасында   «уақыт спорт үшін» деп өз мағынасын жоғалтқан. Бұл қателер қаламыздың адам ең көп жүретін орталық көшесінде орналасқан. Қала тұрғындарының да пікірі маңызды екенін ескеріп, сұрап көрдік, жарнамалардағы қателер орынсыз екенін жеткізді. Әсіресе, қандас азаматтар қазақ тілді жарнамаға қарағанда  орыс және өзге тілді жарнаманың көптігінен қиындықтарға тап болатындығын байқадық.

Жарнама жетерлік. Бірақ ондағы мәтін тек орыс тілінде. Анықтама мен ескертпе қағаздарында екі тілде ақпарат бар. Иә, екі тілде, тек қазақшасы жоқ. Мемлекеттің мәңгілігі де, мәнділігі де тілінде. Орысшадан қазақшаға сөзбе сөз, ерсі, шала-шарпы аударылады. Соның кесірінен грамматикалық қате кетіп, сөздің мәні де мағынасы өзгереді. Жарнама беруші мен автор арасында қазақ тілінің жазылу ережелерінен бейхабар адамдардың бары қынжылтады. 
Тілді тұғырмен теңейміз. Асылында осы «тұғыр» деген не?! Ол қыран құстың қонар мекені. Демек, көк аспанда қалықтаған елдің де сүйенері – тіл. Сондықтан да тұғырлы тілдің мәңгілік ел аспанында қанат жайғаны сіз бен біз үшін маңызды. Тіл тазалығы үшін бірлікте білек сыбана күресуді көзі қарақты көрерменнің қырағылығына қалдырдық. 

Арайлым МҰХИТҚЫЗЫ
ЖУ журналистика кафедрасының студенті

Фото: depositphotos.com

Қатысты жаңалықтар

Өндірісті дамыту мәселелері талқыланды

Өндірісті дамыту мәселелері талқыланды

17.08.2026
Қорытынды сауалнама: қазақстандықтардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге дайын

Қорытынды сауалнама: қазақстандықтардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге дайын

17.08.2026
Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

Қоғамдық сұраныстан туған үдеріс

17.08.2026
ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК-ның қолданыстағы ішкі құжаттарына өзгерістер енгізу туралы

ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК-ның қолданыстағы ішкі құжаттарына өзгерістер енгізу туралы

17.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ұстаздың азаматтық ұстанымы

17.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.