Digital Bridge 2025 халықаралық форумы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Кездесу барысында білім беру, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Президент еліміздің цифрлық дамуына үлес қосқан Telegram мессенджерінің қызметіне жоғары баға берді.
Компания ресми түрде Astana Hub кластерінің қатысушысы атанып, Қазақстанда кеңсесін ашты. Сондай-ақ AIem.AI орталығында жасанды интеллект зертханасы іске қосылды.
Павел Дуров Мемлекет басшысына ЖИ саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың болашағы жөнінде ақпарат берді.






