Талдықорған: +18°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Болашақтың бағбаны

«Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»,– дейді Ыбырай Алтынсарин. Ағартушының осы бір сөзі ғасырлар ауласынан асып, бүгінгі күнге де айнадай жарқырап жетіп отыр. Бірақ жақсы мұғалім деген кім? Ол қандай болуы тиіс? Бұл сұраққа жауапты алыстан іздеудің қажеті жоқ.

05.10.2025
КҮНДЕРЕК
Болашақтың бағбаны

Астана қаласы әкімдігі

WhatsAppTelegramFacebook

Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегін парақтаған жан ұстазға қажетті жолды анық көреді. Өкінішке қарай, бізде Мағжан Жұмабаевты тек ақын деп қана таниды, ал оның педагогика саласында жазған іргелі еңбегінен бейхабар мұғалімдер әлі де бар.

Аталған туындының не үшін, кім үшін жазылғандығын Мағжан былай жеткізеді: «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдікі. Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз бір, жолымыз бір, қазақ мұғалімдері: Қолымнан келген осы еңбегімді сендерге тарту қылдым. Ниетімнің тазалығы үшін тартуымды қабыл көріп алыңдар».
Шын мәнінде Мағжанның бұл еңбегі қазақ мұғаліміне арнайы арналып, 15 бөлімде ұстаздықтың мәнін, бала тәрбиесінің түп қазығын талдап береді.

– Тәрбиеші баланы дәл өзіндей етіп тәрбиелемеу керек. Өз заманына лайық қылып баулуы шарт. Яғни, ғылым-білімге үйретіп қана қоймай, өмірге бейімдеп, жаңаша ойлауға баулуы тиіс, – дейді ол.

Бұл ойдың тереңінде үлкен жауапкершілік жатыр. Мұғалім өз халқының тарихын, тілін, дәстүрін білмей тұрып, шәкіртін де ұлттық рухта тәрбиелей алмайды. Яғни, жақсы ұстаз – ең әуелі өз ұлтының мәдениетіне қанық жан.

Бұл ұстанымды бүгінгі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевта Тамыз конференциясында атап өтті: «Ұлттық дәстүрмен тәрбиеленген баланың тамыры терең, діңі берік болады. Білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті». Президент сөзі – Мағжан айтқан ұстанымның жалғасы.

Ал қазақтың «Хан апасы» атанған, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Қанипа Бітібаева жақсы ұстаз туралы былай дейді: «Мұғалім бағаны баланың тапсырмасына ғана қоя алады. Ал оның адамдығына бағаны өмір қояды. Жақсы ұстаз – шәкірттің жүрегіне жол таба білген жан». Бұл сөз ұстаздың тек білім беруші емес, ең алдымен рухани жетекші екенін аңғартады.

Осы арада еріксіз ой туындайды: бүгінгі ұстаздар қауымы осы үдеден шығып жүр ме? Әлде мұғалімдік – «жалақысы жақсы» деп таңдалатын мамандыққа айналды ма? Шын ұстаздық – еңбек үшін емес, жүрек үшін таңдалатын жол. Өйткені мұғалімнің міндеті – бала қолына қалам ұстатып қана қоймай, оның бойына адалдық, сенім, ізгілік сияқты құндылықтарды дарыту. Бұл – кез келген кәсіптен әлдеқайда ауыр да, ардақты міндет.

Ұстаз болғысы келген жанға Мағжан Жұмабаевтың: «Педагогикасын» қайта бір қарау артық емес. Өйткені онда «жақсы мұғалімнің» бейнесі айқын сызылған. Жақсы мұғалім – ғылымды меңгерген, ұлттық рухты бойына сіңірген, шәкірттің жүрегіне жол тапқан, қоғамға шырақ жаққан тұлға.
Ұлттың ертеңі ұстаздың қолында десек, әрбір педагог өз кәсібіне жауапкершілікпен қарап, бала болашағына алаңдаумен жүруі шарт. Сонда ғана біз ар-ұятты алға қоятын, елдікке адал, болашаққа сенімді ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

05.07.2026
Жетісуда домбыра дәріптелді

Жетісуда домбыра дәріптелді

05.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

05.07.2026
Жетісудың жауһары жарқыраған

Жетісудың жауһары жарқыраған

05.07.2026
Заң өзгерді, көзқарас ше?

Заң өзгерді, көзқарас ше?

05.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.