Талдықорған: +18°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ХХІ ғасырдың Рахмановы

04.10.2025
КҮНДЕРЕК
ХХІ ғасырдың Рахмановы
WhatsAppTelegramFacebook

Алғаш қолыңызға «Әліппе» ұстатып, қаріп танытқан ұстазыңыз есіңізде ме? Шешеден кейінгі мейірім атаулыны бойына жиып, жанарынан ізгілік нұры төгіліп тұратын, әр балаға жадырай сөйлеп, жанынан жұлып әр шәкіртке тұлғалық дәнегін егетін алғашқы ұстазды әркім анасындай көрді. Анасындай көреді әлі де. Себебі, бастауыш сыныптағы ұстаздардың бәрі нәзікжанды еді. Әлі де солай. Өйткені, дүниені дым деп білмейтін тарыдай шәкіртке біліммен қатар мейірім бере алатын әйел заты ғана. Сезімін білдіре қоймағасын, ішкі буырқанған махаббатын тысқа шығара бермейтін болған соң бұл мамандықты ерлерге сай көрмейміз. Асылы осындай түйсік қалыптасқан бізде.

Дейтұрғанмен, балаға шектен тыс сезім, мейірім тасыған ерлер де бар. Сондай махаббаттың ағынымен әлі күнге талай шәкірттің алғашқы ұстазы атануда. Құлағыңызға түрпідей тиді ме? Шошымаңыз! Ерлер де алғаш ұстаз атана алады. «Әліппе» ұстатып, әліпті таяқ деп білмейтін балаға қаріп таныта алады. «Менің атым Қожа» фильмін көрген боларсыз. Сонда Рахманов ағай: «Ұстаз – баланың шамшырағын жаға білу керек» – дейтін еді ғой. Дәл сондай кейіпкер, біздің ұстаз Моряк Демегенұлы әлі талай шәкірттің шамшырағын жаға түседі.

Мына дәуірдің Рахманов ағайы Моряк Асылбеков 1966 жылы дүние есігін ашқан. Ауыл мектебінен білім алып, 1983 жылы Панфилов педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Кезінде КСРО-ның қорғаныс министрі болған Андрей Гречко: «Бір мамандық бар – Отан қорғау деген», – деп әлі күнге мәнін жоймаған қанатты сөз қалдырды. Сол мамандықты игеруге кейіпкеріміз 1984 жылы аттанды. Әскери борышын Украинада, Конотоп қаласында өтеп жүрген сарбаз адамзат баласына қасірет әкелген апатпен күресемін дегенді үш ұйықтаса түсінде де көрмеген. Бірақ…

Осы ретте бір қызық оқиға еске түседі. Жапониядағы зілзала салдарынан «Фукусимо» АЭС-інде жарылыс болып, Токия өрт сөндіру қызметі тайлы тұяғы қалмай сонда асығады. Уыт шашқан апатқа бара жатқан жолда қандай қауіп барын білген біріккен өрт сөндіру бөлімдерінің басшысы Ясуо Сато жанындағыларға жүрексінгенін білдірмес үшін һәм жаппай үрей туындатпас үшін жарына «Мен жарылыс болған «Фукусимоға» барамын деп хат жазыпты. Артынша әйелі кері хат қалдырыпты. Онда: «Жапонияны аман алып қалыңыз» деген төрт ауыз сөз болған. Басқа әйел болса жылап-сықтап, кері қайтуын өтініп, болмаса «қауіпсіз жерде жүріңіз, қызметкерлеріңіз барсын» деген желеулі әңгімелер жазар ма еді, кім білсін?! Жарының сөзіне қанаттанған Сато у төгілген жерде қызмет етіп, қауіптің алдын алыпты. Біздің де кейіпкер сүйгенінен мұндай сөз естімегенмен (ол уақытта жары да, сүйгені де болмаған) сана төріндегі «Отаныңды қандай қауіптен болмасын қорға!» деген ұшқынмен уытты зәр төккен Чернобыль АЭС-іне аттанады. Тажалмен айқасады. Техногенді апаттың бетін қайтарып, әскери борышын өтеп елге оралған Моряк Демегенұлы оқуын әрі жалғастырды.

Кейіпкеріміз еңбек жолын өзі туған Талапты ауылындағы орта мектептен бастайды. 11 жыл бастауыш сыныптың мұғалімі жүгін абыроймен арқалап, талай шәкіртті түлетті. «Адамның басы – Алланың добы» деген рас. 1999 жылы Моряк Асылбеков өмір арнасының бағыттауымен Мұсабек ауылындағы мектепке ауысты. Сол елді мекенде ұстаздық қыла жүріп І. Жансүгіров атындағы университеттен білімін шыңдап, педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі мамандығы бойынша жоғары білім иесі атанды.

– Қазақта ұстаздан асқан ұлық мамандық жоқ. Әкім де, хәкім де, ел басы да, қолбасы да ұстазға бас иеді. Бала бойына білім мен тәрбие дәнегін егу қызметіне кездейсоқ келгенім жоқ. Адамда құштарлық деген қасиет бар. Хобби дейікші. Менің хоббиім – білім беру. Шыны керек, көпшілік бастауыш сыныптың мұғалімі ретінде ерлерді қабылдай алмайды. Бірақ, жүрек қалауым осы, – дейді кейіпкеріміз.

Дүниеден хабары аз балаға тұлғалық дәнек егу үшін үлкен шыдам мен сабыр, білім мен білік керек. Осындай дүниенің бәрі «ХХІ ғасыр Рахмановының» бойынан табылады. Ізденісті жанына серік еткен Моряк Демегенұлы балаларды оқыту барысында қызықтыру, ынталандыру әдістерін қолданады. Сабақтан тыс тақырыптарды, тарих пен таным, ұлттық құндылықтарды, қоршаған ортаның ерекшеліктері жайында шәкірттерін жиі сусындатады. Бастысы, 45 минут өтсін демейді, «оқушыларым үйренсін» дейді. Ұстаздық деген осы емес пе?

Моряк Асылбековтың еңбегі де елеусіз емес. Оның үйдегі кітап сөресі алғысқа толы. Жергілікті әкімдік, саяси ұйымдар берген. Марапат атаулының ішінде «Чернобыль батыры» атағы да жарқырайды. Бірақ, ең үлкен атағы – «ХХІ ғасыр Рахмановы» атағы. Мұны еш министрлік, еш әкімдік берген емес, халықтың берген, халықтың таққан атауы. Біз де Рахмановтың ізін жалғап, шәкірттердің шамшырағын жаққан ұлағатты ұстаз, бастысы бастауыш сыныптың мұғалімі Моряк Демегенұлына алғаусыз алғыс білдіріп, жұмысына сәттілік тілейміз. Аман жүріңіз, ХХІ ғасырдың Рахмановы!

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

05.07.2026
Жетісуда домбыра дәріптелді

Жетісуда домбыра дәріптелді

05.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

05.07.2026
Жетісудың жауһары жарқыраған

Жетісудың жауһары жарқыраған

05.07.2026
Заң өзгерді, көзқарас ше?

Заң өзгерді, көзқарас ше?

05.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.