2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда көрсетілген стоматологиялық қызметтердің жалпы көлемі 63,7 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,5%-ға артық, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Стоматологиялық қызметтердің негізгі бөлігін азаматтар өз қаражаты есебінен төлеген.
2025 жылдың қаңтар-маусым айларында халықтан түскен төлем көлемі 54,2 млрд. теңгені құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 41,4 млрд. теңге болған – өсім 30,8%.
Ал кәсіпорындар төлеген қызмет көлемі 2,2 млрд. теңгеге дейін төмендеп, 30,4%-ға азайды.
Бюджет қаражаты есебінен төленген стоматологиялық қызметтер 63,9%-ға қысқарып, 1,5 млрд. теңгені құрады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы көрсетілген қызметтердің көлемі 5,8 млрд. теңге болды.
Аймақтар бойынша көшбасшы – Астана қаласы. Ел астанасында биылғы жартыжылдықта стоматологиялық қызмет көлемі 16,1 млрд. теңгеге жетті (өткен жылы – 11,8 млрд. теңге, өсім – 36,1%).
Екінші орында – Алматы (16 млрд. теңге), үшінші орында – Батыс Қазақстан облысы (2,8 млрд. теңге).
Көшбасшы бестікті Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары түйіндеді – әрқайсысында 2,7 млрд. теңгеден қызмет көрсетілген.
Стоматологиялық қызметке ең аз қаражат жұмсалған өңірлер:
-
Ұлытау облысы – 100,6 млн. теңге,
-
Жетісу облысы – 684 млн. теңге,
-
Қызылорда облысы – 680,3 млн. теңге.





