Талдықорған: +27°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Доланалы – құтты мекенім

07.10.2025
КҮНДЕРЕК
Доланалы – құтты мекенім
WhatsAppTelegramFacebook

Доланалы ауылының клубында «Доланалы – құтты мекенім» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Тұсаукесерден бұрын ауыл мешітінде аруақтарға құран бағышталып, дұға жасалды. Рухани шараға ең алғаш ұжымшар басшысы болған Омар Сарыбаевтың қызы Майра Омарқызы, Қалық Оңғарұлы, Гүлнар Құдайбергенқызы, ақылдастар алқасының мүшелері – ұлағатты ұстаз Жұмағыз Егінбайқызы, Қарақалпақтар шежірелерінің және «Көрген-білген, жиған-терген» кітабының авторы Жақсылық Тазабеков, ұлағатты ұстаз, ҚР Білім беру ісінің үздігі Алтын Сейтқазықызы қатысты.

Тұсаукесердің тізгінін қолына алған Доланалы ауылының түлегі, аудандық Ә. Сарыбаев атындағы Мәдениет үйінің өнерпазы, жас ақын Бақыт Қалибек «Батамен ел көгерер, жауынмен жер көгерер» дегендей, ауыл ақсақалы Ерғали Айтқожаұлының батасымен бастады. Майра Сарыбаева, Жақан Көшеков, Қаншайбек Андасова және Абай Мұхаметжанов ізгі тілектерін білдіріп, «Доланалы – құтты мекенім» атты кітаптың тұсауын кесті. Ауылдағы «Әжелер» ансамблі шашу шашып, халық әні «Сәулем-айды» тамылжыта шырқап берді.
Туған жер – алтын бесігім,
Айқара ашқан есігін…
Сай-салаңнан гүл терген,
туған жерім,
Төскейіңде қозы-лақты
қуған жерім…
Сағынып келдім елімді,
Сағындым туған жерімді,– деп Шеңгелді ауылынан сағынышпен келген Қаншайбек Андасова кітаптың жазылуына үлес қосқан жандарға өз сый-сияпатын ұсынып, алғысын білдірді. Және Ауылдың алтыауызы ретінде «Тракторшы қарындас», «Жетісу» әнін шырқай салып, ауылдастарының көңілін көкке көтерді. Жиында сөз алған Жайнақ ауылдық округінің әкімі Бақыт Рахымбеков:
– Доланалы Жетісудың төрінен орын алған қасиетті ауыл. Тарихы терең бұл мекеннің әр тасы, әр сайы талай шежірені бүгіп  жатыр. Доланалы қарапайым ғана ауыл емес, ұлтымызға көптеген еңбекқор ұрпақ тәрбиелеп берген киелі мекен. Еңбек ерлері, Ленин орденінің, Еңбек Қызыл Ту орденінің, «Орақ пен Балға» алтын медалінің иегерлері Омар Сарыбаев, Нүсіпбек Шақаров, Қалима Үсенбекова сынды еңбекқор тұлғалардың маңдай тері тамған жер.  Ауылдан шыққан азаматтардың ішінде ғылым, өнер, медицина, ауылшаруашылық салаларында көзге түскен тұлғалар аз емес. Қазақ ән өнерінің жұлдызы Нұрғали Нүсіпжанов, кино актері Орынбасар Тазабеков, аққан жұлдыздай жарқ еткен Асылбек Тойлыбаев, сондай-ақ, режиссер Сабыралы Кемелбаев, журналистика қайраткері Айнаш Қасенова, жас ақын Бақыт Қалибек сынды дарынды да талантты жандар біздің мақтанышымыз. Сонымен қатар, физика ғылымының кандидаты, доцент, ақын Мырзағали Андасов, филология ғылымының докторлары Райхан Досжанова мен Бекжан Досжанов, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор Қалық Баяділов, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлсүн Баядилованы ерекше атауға болады. Болашақта да ауылымызда биіктерден көрінетін ұл-қыздарымыз көп болсын. Доланалы – тұғырлы болашағы бар киелі мекен. Тарихы тасқа жазылған өңірді кітапқа айналдырып жатқан игі істеріңіз жалғаса берсін, –  деген ақжарма тілегін арнады.
Шежіреші-қаламгер ағамыз Жақсылық Қалықбайұлы ауылдың 1920 жылдан бергі тарихы, еңбеккерлері, тұрғындары туралы тереңнен толғанды. Кітаптың жазылып шығуына бастама көтеріп, қозғаушы болған Жұмағыз, Алтын, Айнаш сынды ауылдан шыққан қыздарға алғысын білдірді. Басқа да ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласып, ауылы үшін аянбай еңбек еткен барлық азаматқа ризашылығын жеткізді. Сөзін түйіндей келе ауылдағы мектептен тарихи-этнографиялық және жезтаңдай әнші, ұлтымыздың мақтанышы Нұрғали Нүсіпжанов ағамызға арнап музей ашсақ деген ойын жеткізді.
Қаншама қазақтың шаңырағын шайқап кеткен Екінші дүниежүзілік соғысқа сол ауылдағы 300-ге жуық түтіннен 150-ден астам  ер-азамат  аттанған. Ұлы Жеңістің  45 жылдық мерекесіне орай сол кездегі «Голубиновка» кеңшарының партия ұйымын басқарған Сейтнұр Нұрлыбаев бастап, аудандық партия комитетінің келісімімен Доланалы ауылының қақ ортасына соғыс ардагерлеріне арнап биіктігі 7 метрге жуық, төменгі жағындағы тақтайшаға майдангерлердің есімдері ойылып жазылған ескерткіш орнатқан.
Ұлы  Жеңістің  80 жылдығына орай облыс бойынша «Ұрпақтарға ұран болған Ұлы жеңіс»  тарихи кітабы жарық көрген. Бұл кітапқа Батырбай Нұрлыбай-ұлының суреті салынып есімі жазылған. Соғыстың ең ауыр кезеңі Сталинград қаласын қорғауға қатысып, майданнан ауыр жарақат алып елге оралғанымен, жазылған соң қайтадан алып кеткені туралы да сол кітапта бар. 1945 жылы Польша елінде жеңісті қарсы алып, бейбіт күнде «Доланалы» ұжымшарында еңбек еткен. Ерлігі мен өмір жолы өнегеге толы майдангер ауылдан өз қолымен бала-шағасына арнап 1961 жылы үлкен үй салған еді. Бұл үйі әлі бар, заман талабына сай жаңартылған. Қара шаңырақта батырдың немересі Ербатыр Нұрсұлтанұлы тұрады. Облыстық мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ. Сүлейменовтің рұқсаты және облыстың тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия отырысының 2025 жылғы  28 сәуірдегі №2   хаттамасы негізінде соғыс ардагері және еңбек зейнеткері Батырбай Нұрлыбайұлына өзі тұрғызған Алтай Ақылбеков көшесіндегі №25 үйге тақта орнатылды. Сөз кезегінде Талдықорғаннан келген І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің аға оқытушысы, ұлағатты ұстаз Гүлнар Белгібекова кітап жазудың оңай болмайтынын, материал жинап, оны өңдеп, грамматикалық қатесін тексерудің үлкен жұмыс екенін тілге тиек етіп, кітапқа үлес қосқандарға арнайы сыйлықтарын беріп, ризашылығын білдірді.
Нұрсабек Ұлыхбан «Дариға-дәурен» әнін орындап, көптің қошеметіне бөленсе, ауыл түлегі Бекзат Шынасыл жерлесіміз марқұм Асылбек Тойлыбаевтың репертуарындағы «Ғашықпын» әнін тамылжыта орындап, ауылдастарының көзіне жас үйіріп, көңілін толқытты.  Кеш тізгінін ұстаған ақын Бақыт Қалибектің сөзіне жазылған Жарасқан Төлеубайдың «Доланалым» әнін аудандық Ә. Сарыбаев атындағы Мәдениет үйінің әншісі Сабыр Бауыржанұлы шырқап, әннің тұсауы кесілді. Жиналғандар орындарынан тұрып, қол шапалақтап, зор қошемет көрсетті.
Жиын соңында Майра Сарыбаева, Қалық Баяділов сөз алып, жаңа кітаптың жарыққа шығуымен құттықтап, оның дүниеге келуіне атсалысқан жандарға, тұсаукесерді ұйымдастырған азаматтарға, аудан орталығынан келген өнерпаздарға алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» доланалылықтар кітаптың тұсаукесерін осылайша өткіздік. Ауызбірлік, ынтымақтың арқасында алынбайтын қамал болмайтынына тағы бір мәрте куә болдық.
Айнаш ҚАСЕНОВА,
Доланалы ауылы,
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Қыз тағдыры – ұлт айнасы

05.07.2026
Әділетті қоғамның алтын арқауы

Әділетті қоғамның алтын арқауы

04.07.2026
Қоныстойға келіңіздер!

Қоныстойға келіңіздер!

04.07.2026
Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

04.07.2026
Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.