Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 8 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 8 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 8 қазанда түнде топырақ беті қатып, 2 градус суық болады деп күтіледі.
Күндіз Қызылорда облысыныңорталығында, шығысында шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 8 қазанда күндіз шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-18 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі.Ақтауда 8 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Қарағандыда 8 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман болады деп күтіледі.
8-9 қазанда Жетісу облысында түнде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. Талдықорғанда 8-9 қазанда түнде сынап бағаны 3-5 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.
Түнде Алматы облысында сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.





