Талдықорғанда туған қызын зорлаған ер адамға сот үкімі шықты. 15 жастағы жеткіншекке азғындық жасаған азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қаскөйге химиялық кастрация жасалмақ.
Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жантүршігерлік қылмыс биыл жазда әшкереленді. Мұны жәбірленушінің анасы көріп қалған. Содан соң әйелге қызы бар шындықты жайып салған. Ол әкесінен 7 жылдан бері қорлық көргенін жеткізді. 39 жастағы ер адамның тұңғышына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасағаны сотта дәлелденді.
Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Және химиялық кастрация жасау үкім етілсін. Орта білімді ер адам жұмыссыз. 4 баланың әкесі. Оған енді өмір бойына педагогикалық салада жұмыс істеуге тыйым салынсын, – деп мәлімдеді Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Бақыт Ермаханов.





