Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жырға құштар жүрек

9 қазан 2025
КҮНДЕРЕК
Жырға құштар жүрек
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу жұрты поэзия мен әуенге, мейірім мен рухқа толы бір ерекше кештің куәсі болды. Талдықорғандағы мәдениет ордасында өткен бұл шара халқына еңбегімен де, өлеңімен де, әнімен де жақын Ғабит Тұрсынбайұлының 60 жылдық мерейтойына арналды.

Кештің шымылдығы ашылған сәттен-ақ залды толтырған жұртшылыққа поэзияның мөлдір тынысы сезілді. Жүргізуші Гүлзия Байбосынованың жүрекке жылы сөздерімен сахна төріне шақырылған мерейтой иесі Ғабит Тұрсынбай- ұлы сабырлы қадамымен көптің алдына шықты.

Ғабит – тек ақын емес, елге еңбегі сіңген қызметкер. Ақсу ауданының Құрметті азаматы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құрметті профессоры, мемлекеттік марапаттардың иегері. Көргені көп, сөзі салмақты, болмысы сабырлы қалпымен ол ел алдында әрдайым биіктен көрініп келеді.

Кешке облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов арнайы қатысып, облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады. Қала әкімі Ернат Бәзіл кеш иесіне ақжарма тілегін білдірді. Сондай-ақ, облыстың ардагерлері, шығармашылық одақ өкілдері мен ақын-жазушылар сахна төрінде жүрекжарды лебіздерін арнады. Әсіресе мерейтой иесінің жаңа кітабы – балаларға арналған «Атаның қоржынынан» атты жинақтың тұсаукесері көпшілікке үлкен қуаныш сыйлады. Бұл кітаптың жарық көруі – Ғабит Тұрсынбайұлының жас ұрпаққа арнаған ерекше тартуы іспетті.

Кеш барысында шәкірттері өлең оқып, ардагерлер ақ тілек айтып, әншілер ән шырқатты. Жетісудың белгілі композиторы Әли Алпысбаев жүрекжарды лебізімен бөлісіп, әсерлі әнін тарту етті. Ал сахна төрінен естілген «Ұстазым – мектебім» әні бүкіл залды ерекше толқытты.

Жылылық пен ізгілікке толы кеш соңында Ғабит Тұрсынбай- ұлы өз өмір жолына шолу жасап, өнерге деген адалдығын тағы бір мәрте дәлелдегендей болды. Оның жырлары мен әндері – елге аманат, ұрпаққа өнеге.

Жетісу даласы әрдайым осындай дара тұлғаларымен мақтана алады. «Өнерім – өмірім» атты шығармашылық кеш соның айғағы іспетті рухани мерекеге айналды.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

15 қараша 2026
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

15 қараша 2026
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

15 қараша 2026
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

15 қараша 2026
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.