Әйелі Қиқымға «үйге күнде жиналып ішесіндер» деп ренжи берсе керек. Тағы да қолқа салған достарына: «Мен партбилетімді жоғалттым деп жатайын. Жұбатуға келіңдер» депті.
– Кездесуіміздің соңы осы болғаны ма? – дейді бөтелкелестері.
– Құдай берерін тауыспасын! – деп Қиқым қарқылдай күліпті.
– Артынан «партбилетіңді таптық» деп сүйінші сұрай келесіңдер…
Тұрлыхан КӘРІМ





