Биыл қаңтар-қыркүйек өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 283 087, 3 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,2%-ға көп.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 17,6%-ға азайып, өңдеу өнеркәсібінде 2,3%-ға ұлғайып, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтауда 16,3%-ға өсті. Ал сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 4,2%-ға азайды
Биыл ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымын 324 059,9 млн. теңгеге жетті. Мұны өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 100,2%-ды құрады.
Қаңтар-қыркүйекте көліктің барлық түрінің жүк айналымы 11 855,51 млн.тонна киллометрді құрады. 2024 жылдың сәйкес кезеңінде 142,4%-ды көрсетті.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 249882,5 млн. теңгеге жетсе, былтыр 113,9%-ды құраған. Биылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 9%-ға өсіп, 249,4 мың шаршы метрді құрады. Олардан көппәтерлі тұрғын үйлер 15,3%-ға азайды. Бұл ретте, пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы 25,9%-ға ұлғайды.
2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 330251,8 млн. теңгеге жетті. Былтырғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 112,7%-ды құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 1 қазандағы жағдай бойынша 8 мың 585 бірлікті құраса, өткен жылғы сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 2,6%-ға артқан. Оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар 8 мың 349 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 7 мың 60. Оның шағын кәсіпорындары 6 мың 826. Облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар саны 6 мың 521 бірлікке жетті. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,7%-ға артты.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаменті




