Талдықорған: +2°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жыр мен жүрек үндесті

Сөз өнерінің қасиетті өлкесінде өзіндік өрнегін қалыптастырған ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Құрмет орденінің иегері Қуат ҚАЙРАНБАЕВТЫҢ шығармашылығы – бүгінгі қазақ поэзиясының ең бір шынайы, сыршыл арналарын жалғаған рухани көпір. Күні кеше Талдықорған қаласында өткен «Көңіл қоңырауы» атты әдеби-сазды кеш пен облыстық «Қуат Қайранбаев оқулары» – сол рухани жалғастықтың көрінісі болды.

21.10.2025
РУХАНИЯТ
Жыр мен жүрек үндесті
WhatsAppTelegramFacebook

Өлең мен өмірдің, сезім мен сырдың тоғысқан, тыңдаушы жүрегіне шуағын төккен әдеби-сазды кеште ақынның «Жүрек домбырасы», «Ғазал-ғұмыр», «Елге сәлем», «Туған жер» сынды туындылары оқылып, әнге айналған жырлар орындалды. Көрермен қауым поэзияның мөлдір әлеміне еніп, ақынның жүрек үнімен сырласты.

Әдеби-сазды кешті облыстық «Jetіsý» газетінің бас редакторы Жұматай Әміреев жүргізіп, көрерменмен еркін тіл табысып, әр өлеңнің астарындағы ой мен сазды шебер өрді. Оның мәнерлі сөзі, әдебиетке деген ықыласы мен жылы лебізі шараның көркін келтіріп, кештің рухани шуағын арттыра түсті.

«Өлең – адамның ішкі әлеміндегі тынышсыздықтың үні. Егер бір шумақ өлең бір жанды жұбатса, менің миссиям орындалды», – деген Қуат Қайранбаевтың сөзі кештің рухани өзегіне айналды. Әдеби кеш аясында тұңғыш рет мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында облыстық «Қуат Қайранбаев оқулары» байқауы ұйымдастырылды.

Ақынның шығармашылығын дәріптеу, жастарды поэзияға баулу, сөз қадірін сезінуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген сайысқа облысымыздан 64 оқушы қатысып, сынға түсті. «Өмір сүргім келеді, өлеңменен жұптаса» – ақын өлеңдерін жатқа оқу; «Ғазал-ғұмыр» – ақын шығармасына арналған буктрейлер әзірлеу; «Ақын шығармашылығының ізімен» – шығармашылық интерпретация; «Сезімнің тереңінен лағыл терем» – эссе жазу секілді төрт бағытта өткен байқауда қазылар алқасы қатысушылардың шеберлігі мен терең сезімін жоғары бағалады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен Қуат Қайранбаевтың кітаптары табысталды.

Нұрәли Ернарұлы, Талдықорған қаласындағы М.Арын атындағы №24 лицейінің 8 сынып оқушысы:

– Мен үшін Қуат Қайранбаев оқулары – жаңа бастама. Өлеңге жақындай түстім, әдебиетке деген сүйіспеншілігім артты. Осындай мүмкіндік жасаған ұстазым Индира Болатқызы мен анама ерекше алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – дейді.

Ермұхамбет Дәулетжан, Панфилов ауданы, Надек орта мектебінің 9-сынып оқушысы:

– Облыстық Қуат Қайранбаев оқуларына қатысып, жүлделі орын алғаныма өте қуаныштымын. Бұл байқау менің өмірімдегі ең үлкен шабыт беретін сәт болды. Ақынның өлеңдерін оқи отырып, өмірдің әсемдігін, адамның жан тереңін түсінуге тырыстым. Осы байқауға дайындаған ұстазым Мақпал Қашқынбаеваға алғысымды білдіремін, – дейді.

Мақпал Қашқынбаева, Надек орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

– Облыстық Қуат Қайранбаев оқуларына ауданымыздан 9 оқушы қатысып, бәрі де жүлделі орыннан көрінді. Бұл – еңбектің, ынтаның және рухани тәрбиенің нәтижесі. Ал Ермұхамбет баламыздың бас жүлде иеленуі бүкіл ұжымның қуанышы. Әдебиетке ынтық балалардың шығар биігі әлі алда, – дейді.

Оның сөзі – ұстаздық еңбектің, шәкіртке деген сенім мен махаббаттың көрінісі. Расында да өлеңге баулып, рухани дүниенің кілтін ашып берген мұғалім еңбегі – кез келген марапаттан биік.

Әдеби кеште ақынның ұлы Сырым Қуатұлы сахна төріне шығып, жылы лебізін білдірді.

– Бұл кеш мен үшін ерекше мәнге ие. Әкемнің өлеңдерін халықтың жүрекпен қабылдап, оның шығармашылығын құрметтеуі – біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш. Әкемнің өнерін бағалап, осындай рухани кешке жиналған барша жандарға алғыс білдіремін. Сонымен қатар, осы шараға өз жұмыс орным «Qazaqstan Catering Solutions» компаниясының қолдау білдіргені мен үшін ерекше мәртебе. Мәдениет пен руханиятқа үлес қосу – әр ұжым үшін абырой, – деген ол мектеп кезінде әкесіне арнаған өлеңін оқып берді. Өлең жолдары қарапайым болғанымен перзенттің жүрегінен шыққан жылы сезімді айқын сездірді.

Сондай-ақ, Сырым әкесіне көліктің кілтін табыс етіп, оның еңбегіне деген құрметін осылайша білдірді. Бұл сәтті көрермен де ыстық ықыласпен қарсы алды.

Поэзияға деген сүйіспеншілікті арттырған, жас ұрпақты сөз әлеміне жетелеген бұл рухани шара концерттік бағдарламаға ұласты.

«Көңіл қоңырауы» мен «Қуат Қайранбаев оқулары» – тек бір күндік шара емес, ұлт руханиятының биік белесі. Бұл кеш арқылы жастар поэзияның шынайы қуатын сезінді, ал Қуат Қайранбаевтың жыр әлемі жас буынның жүрегіне жаңа леп сыйлады.

 

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Бабалар рухы кернеп тұр

Аса маңызды қадам

05.03.2026
Жоғарғы сот судьялары қызметінен босатылды

Жоғарғы сот судьялары қызметінен босатылды

05.03.2026
Миллиардер Ибрагимов «Тобыл» футбол клубын сатып алды

Миллиардер Ибрагимов «Тобыл» футбол клубын сатып алды

05.03.2026
Жол ережесін бұзғандарға бейнежазбаны онлайн алу мүмкіндігі берілді

Жол ережесін бұзғандарға бейнежазбаны онлайн алу мүмкіндігі берілді

05.03.2026
8 наурызда әйелдерге қандай сыйлық беруге болады?

8 наурызда әйелдерге қандай сыйлық беруге болады?

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.