Нұрлан имам желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұл жолы имам ата-ананы құрметтеуге қатысты шариғат тұрғысынан мысалдар келтіріп, оқырманының сауалына жауап берді.
«Әке-шешемді кешірдім. Үш айлығымда әжеме қалдырып кеткен. Отыз жылдан кейін келіп кешірім сұрады» деп ағынан жарылған оқырманына имам шариғат тұрғысынан өз кеңесін айтты.
Әке-шешені кешіру деген не сөз? Шариғат тұрғысынан ойласаңыз, сізге өмір сыйлаған адамға кешірдім деген не сөз? Сізді бақты, бақпады – ол екінші мәселе. Психологтарға барудың да жөні бар, — деп жауап берді Нұрлан имам.
Фото: Әлеуметтік желіден





