Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаментіне жаңа басшы тағайындалды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Министрліктің мәліметінше, ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің бұйрығымен полиция полковнигі Талғат Шаяхметов ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Талғат Шаяхметов ішкі істер органдарында 27 жылдан аса қызмет атқарып келеді. Ол криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және өзіндік қауіпсіздік салаларында мол тәжірибе жинақтаған.
Әр жылдары түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген: ІІМ ӨҚД бастығының орынбасары, сондай-ақ аумақтық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
Бұған дейін ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.





