Талдықорған: +37°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жер жауһары – Жетісу

26.10.2025
КҮНДЕРЕК
Жер жауһары – Жетісу
WhatsAppTelegramFacebook

Шалқыған көлі, асқақ тауы, ну орманы, шалқар даласы мен құйма алтынға тең құмы бар Жетісу өңірінің тұмса табиғаты адамды баурап алады. Әсем табиғаттың сұлулығын сезініп, ғажайыбын көзбен көруге алыс-жақын шетелден келетін туристер саны да жыл санап артып келеді. Сол себепті де отандық туризмді дамыту басты назарда. Осыған орай туризмнің ошағы саналатын аймақтың жауһарлары, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарға аз-кем тоқталуды жөн көрдік.

Табиғаты тамаша, тарихы терең

Облыста экологиялық туризм бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Ең алдымен, бұл бағытта «Алтын Емел» және «Жоңғар – Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің, «Алакөл» мемлекеттік табиғи қорығының маңызы айрықша. Екі мемлекеттік ұлттық табиғи парк те жаяу серуендеуге және велосипедпен жүруге арналған көптеген бағытты ұсынады. «Жоңғар-Алатауы» МҰТП облыстың солтүстік-шығыс бөлігінде, ал «Алтын-Емел» МҰТП Жетісудың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. «Алтын Емел» табиғи паркіндегі Ақтау таулары туристер үшін ең танымал орындардың бірі.

Айдынды да айбынды Алакөл әлемдегі ең терең көлдердің бірі. Айдынды Алакөл туризм саласының ошағы қайнап тұрған орталыққа айналды. Емдік қасиеті бар суға жазда шомылудан бөлек, балық аулауға, басқа да су спорт түрлерімен шұғылдануға келушілер қатары артқан.

Тағы бір танымал көрнекті орын Ескелді ауданында орналасқан Бұрхан Бұлақ сарқырамасы. Оның айналасында қылқанжапырақты орманның керемет көрінісі бар. Келушілер сарқырамаға жету үшін және оның әсемдігінен ләззат алу үшін арнайы дайындалған бағыттармен жүре алады. Жыл сайын инфрақұрылымы мен коммуникациялары жақсарып жатқан Балқаш көліне де меймандар көп келуде. Ақсу ауданында орналасқан Қапал дестинациясы туристерге Үшкөл мен Кемел сарқырамасының керемет көріністерін, сондай-ақ археологиялық маңызды – «Баянжүрек» шатқалын, ежелгі «Қалақай» обсерваториясын, «Тасбас тау» жоталарын тамашалауды ұсынады.

Сарқан ауданындағы «Жоңғар–Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан Жасылкөл көлі өзінің кристалдық тазалығымен және маусымға қатысты түсінің өзгеруімен таңғалдырады. Сондықтан болар, Жетісу жеріне келген қонақтар айнадай сәуле шашқан көлге баруға асығады. Міне, табиғаты тамаша, тарихы терең киелі мекен туризмді дамыту бойынша зор әлеуетке ие.

Туризмді түлететін орталық

Облыс бөлінгеннен кейін аймақта «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы ашылды. Аталмыш орталық жылда облыстағы ең тартымды туристік нысандарға ақпараттық турлар ұйымдастырады. Сол арқылы балық аулауға, жаяу, велосипедпен, атпен серуендеуге, парапланмен және жылу аэростатымен ұшуға, шөлейт құмда сафари жасауға, күркіреп ағатын Көксу өзенінде рафтинг арқылы шынығуға, гастрономиялық және мәдени туризмді, жергілікті шипажайларда рекреациялық туризмді, тау және шытырман оқиғалы туризмді дамытуға болатынына кең аудиторияның назарын аударады. Мақсат – жер жаннатын «төрінен қонақ, белдеуінен ат кетпейтін» туризм ошағына айналдыру. Олай болса, орталықтың 3 жылдағы жұмысына қысқаша тоқталып өтейік. 2022 жылы қысқы маусымның ашылуына орай Керімағаш ауылында емдік көздер бойынша алғашқы ақпараттық тур ұйымдастырылды. 2023 жылы меймандарды тарту үшін 40, былтыр 37 іс-шара өтті.

Биыл 8 ақпараттық тур, халықаралық көрме, 3 ақпараттық акция, 2 экоакция, 14 балаларға арналған экскурсия, 3 танымдық шара іске асырылды. Туристердің демалысын жеңілдету және жайлы жағдай жасау мақсатында әуежайлардың, теміржол бекеттері мен туристік нысандардың күту алаңдарында 10 телефонды қуаттау стансысы орналастырылды. Бүгінде республикалық және облыстық жолдардың бойында және қалалық және аудандық орталықтарда 14 сыртқы билборд орналастырылды. Облыстың туристік нысандары, көрікті жерлері мен демалыс орындары туралы 4 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, қытай) карта, каталогтар, буклеттер және кәдесый өнімдері әзірленді. Бұл орталық атқарған жұмыстың бір парасы ғана. Ең қуаныштысы – қыркүйек айында жергілікті атқарушы билік туризм басқармасын құру туралы мәселе көтерді. Бұл облыста туризмді одан әрі дамытуға ықпал ететіндігіне кәміл сенеміз. Алдағы маусымда да «Visit Zhetysu» ақпараттық орталығы өңірге туристерді әкелу үшін Жетісуда көптеген озық идеяны жүзеге асыруды жоспарлауда. Ендігі мақсат – жаңа туристік бағыттарды ашуға және саланы одан әрі ілгерілету бойынша маркетингтік жұмыстарды әлемдік деңгейде жалғастыруға ұмтылу. Себебі, түпсіз пайда әкелетін туризм экономиканы дамытудың бір тұтқасы.

Жандос НУРИЕВ,
«Visit Zhetysu» ақпараттық орталығының басшысы

Қатысты жаңалықтар

Әскери медицинаға жасалған қамқорлық

Әскери медицинаға жасалған қамқорлық

29.06.2026
Тәжірибелі таспагер

Тәжірибелі таспагер

28.06.2026
Баспаханашы

Баспаханашы

28.06.2026
«Жетісудың» Алтайы

«Жетісудың» Алтайы

28.06.2026
Корректор

Корректор

28.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.