Болжамға сәйкес, еліміздің батысында, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарда жауын-шашын. Тек солтүстік, солтүстік-батыс, орталық өңірлерде жауын-шашын болмайды.
Республикамыздың басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, батыста, оңтүстікте, шығыста екпінді жел тұрады.
Ұлытау облысында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, орталығында, Алматы, Қарағанды облыстарының батысында, Қостанай және Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысында, Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі бар.





