Талдықорған: +1°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда қос сахна саңлағының мерейтойы өтті

02.11.2025
КҮНДЕРЕК, РУХАНИЯТ
Жетісуда қос сахна саңлағының мерейтойы өтті

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында Бикен Римова атындағы драма театрында қазақ сахна өнеріндегі жұлдызды жұп Қазақстанның халық артисі Алмахан Кенжебекова мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кендебай Темірбайұлының 75 жылдық мерейтойына арналған «Өнерде – 50, өмірде – 75» атты шығармашылық кеші өтті. Кешке облыс әкімі Бейбіт Исабаев, сол сияқты Тұңғышбай Жаманқұлов, Нұрқанат Жақыпбай, Дариға Тұранқұловалар бастаған өнердегі әріптестері, зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер жұртшылық қатысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен қонақтар театр фойесіне қойылған сахна саңлақтарының шығармашылығына арналған көрмені аралады. Онда сахналық киімдері, спектакльдердегі рөлдерінен фотосуреттер, жалпы өнерлеріне қатысты басқа да бұйымдар қойылды.

Сахнада құттықтау сөз сөйлеген Бейбіт Исабаевқазақ өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қос саңлақтың өмір жолы мен шығармашылықта еңбегін ерекше атап өтті.

Өнерде де, өмірде де тағдыр жолы тоғысқан сахна саңлақтары көп емес. Сол аз шоғырдың ішінде сіздердің есімдеріңізді біз әрдайым құрметпен атаймыз.Сіздердің өмір жолдарыңызды Бикен Римова атындағы театрдан бөліп қарау мүмкін емес. Ең алғаш осы театрдың іргетасын қаласып, сахна шымылдығын ашқан, табан аудармай жарты ғасыр бойы өнерге қызмет етіп келе жатқан сіздерге жетісулықтардың атынан ерекше ризашылығымды білдіремін, — деді Бейбіт Исабаев.

Мұнан соң Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтау хаттарын депутаттар Жанарбек Әшімжан мен Болат Керімбек оқып берді. Сол сияқты Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің де құттықтауы жеткізілді.

Абай атындағы опера және балет театрының өнерпаздары, «Иль-Канто» квартеті, «Қоңыр» тобы әннен шашу шашты. Жетісулық өнер ұжымдары әртістерінің орындауында Алмахан Нұрпейісқызының өлеңдері оқылып, «Дәнеш аға», «Фариза», «Қызыма» секілді бірқатар әндері орындалды. Қос актер түскен «Көшпенділер», «Бір уыс бидай» т.б фильмдерден, олар қатысқан телехабарлардан үзінділер берілді.

Бүгінгі кештен ерекше әсер алдым. Жалпы театр қойылымдарының тұрақты көрерменімін. Осындай кеш өтетінін әлеуметтік желіден оқып біліп, арнайы келдім. Біздің театрдың белді актерлері, абыз ақсақалы мен абыз анасына айналған Алмахан апай мен Кендебай ағаның өнер жолынан тағылымды дүниелер алдым деп ойлаймын, — дейді көрермен Әлия Малғаждар.

Еске салсақ, қос актер Шолпан Жандарбекованың класын бітіріп, алғашқы еңбек жолын жаңа құрылған Талдықорған театрында бастап, елу жыл сахнаға адал қызмет етіп келеді. Алмахан Кенжебекова — Қазақстанның Халық әртісі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иесі, Ұмай сыйлығының иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы. Ол Мұхтар Әуезовтің «Абай» драмасында Айгерім, «Хан Кенесінде» Бопай, Бек Тоғысбаевтың «Ақын Сара» пьесасында Сара, Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» қойылымында Жәмилә т.б. көптеген рөлдерді сомдады, сол сияқты көптеген фильмдерге түсті. Ал Кендебай Темірбайұлы — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері. Ол Шыңғыс ханан бастап Әлихан Бөкейхановқа дейін қаншама хандар мен батырлардың, қайраткерлер мен ақындардың, басқа да кейіпкерлердің образын сахнаға алып шықты. Театр ұжымы өткізген бұл мерейтойлық шараның мақсаты – ұлттық сахна өнерінің дамуына зор үлес қосқан майталман тұлғаларды дәріптеу, олардың бай шығармашылық мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау және жас актерлерге өнеге ету.

Қатысты жаңалықтар

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

04.03.2026
Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.