Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен бірқатар дипломатиялық тағайындаулар жүзеге асты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мемлекет басшысының шешімімен:
-
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, сондай-ақ Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы тұрақты өкіл Мадияр Смәділұлы Меңілбеков енді Бахрейн Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқарады;
-
Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Конго Республикасындағы төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.





