Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Үміті ақталған үздік қызметкер

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған дәстүрлі «Рухани қазына – 2025» республикалық фестивалі өз мәресіне жетті. Бұл фестиваль мәдениет және өнер саласында абыроймен қызмет істеп жүрген мамандардың еңбегін дәріптеп, олардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған шара ретінде белгілі. Биылғы додада «Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған үздік кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің қызметкері Рауан Нұрланов жеңімпаз атанды.

18 қараша 2025
РУХАНИЯТ
Үміті ақталған үздік қызметкер
WhatsAppTelegramFacebook

Кітапхана саласында бірнеше жыл бойы табанды еңбек етіп келе жатқан Рауан Әуесбекұлы өз ісіне адал, жаңашыл мамандардың бірі. Ол ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған ақпараттық және мәдени қызмет түрлерін жаңаша форматта ұйымдастырып, инклюзивті мәдени ортаны дамытуға зор үлес қосып келеді. Оның бастамасымен кітапханада тифлокомментаторлық және сурдоаударма қызметтері енгізіліп, көру және есту қабілеті шектеулі оқырмандарға арналған арнайы оқыту бағдарламалары жүзеге асырылған. Бұған қоса, үздік қызметкердің жетекшілігімен «Кедергісіз болашақ» жобасы іске қосылып, сандық ресурстар мен аудиокітаптар қоры айтарлықтай толығып отыр. Бұл игі бастамалар ерекше жандардың рухани бай болуына жол ашып, білім мен мәдениет кеңістігіне тең құқылы араласуына мүмкіндік береді.

– Бұл жеңіс тек менің еңбегімнің емес, барша әріптестерімнің ортақ табысы. Біздің басты мақсатымыз – әрбір азаматтың кі- тапханаға еркін келіп, рухани байлыққа қол жеткізуіне жағдай жасау, – дейді ол.

«Рухани қазына – 2025» фестивалі еліміздің мәдениет қызметкерлерінің еңбегін бағалайтын, олардың шығармашылық әлеуетін көтеретін маңызды кәсіби алаң. Осындай жобалар арқылы қоғамда мәдени инклюзия идеясы кеңінен насихатталып, рухани құндылықтардың жаңа қырлары ашылуда.

Гауһар ЫСҚАБАЙҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

18 қараша 2026
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

18 қараша 2026
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

18 қараша 2026
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

18 қараша 2026
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

17 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.