Талдықорған: +20°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«Самұрық-Қазына» 122 миллиард теңгені тиімсіз жұмсаған

28.11.2025
КҮНДЕРЕК
«Самұрық-Қазына» 122 миллиард теңгені тиімсіз жұмсаған
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Жоғары аудиторлық палатасы «Самұрық-Қазына» АҚ мен еншілес ұйымдарында мемлекеттік активтердің пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізіп, стратегиялық басқару жүйесінің жағдайын бағалады.

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру қордың корпоративтік орталық ретіндегі қызметін, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп», «Samruk-Kazyna Ondeu» және басқа да бірқатар компанияны қамтыды. Барлығы 18 заңды тұлғада аудит жүргізіліп, Парламент депутаттары мен қоғам тарапынан түскен сауалдар ескерілді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша қор компаниялар тобының кірісі 16,5 трлн. теңгені, ал шоғырландырылған таза пайдасы 2,4 трлн. теңгені құрады.

– Аудит қамтыған кезеңде холдинг мемлекетке 2,37 трлн. теңге аударған. Оның 779,9 млрд. теңгесі дивидендтер түрінде, 1,6 трлн. теңгесі активтерді бәсекелестік ортаға беру есебінен төленген. Бұған қоса қор Президент пен Үкімет тапсырмаларын орындау үшін қосымша 673 млрд. теңге бағыттаған. Тексеру барысында стратегиялық жоспарлау мен басқаруда елеулі кемшіліктер анықталды. 2018-2021 жылдарға арналған трансформация бағдарламасы күткен нәтижеге толық жеткізбеген: 8 компанияны шетелдік аналогтар деңгейіне шығару мақсаты орындалмаған. Бағдарламадан түскен нақты пайда 154,5 млрд. теңге болды, бұл жоспарланған көрсеткіштен екі есе төмен, – деп жазды палатадан.

Корпоративтік басқару деңгейінің жеткіліксіздігі де байқалған. Стратегиялық құжаттарды сапалы әзірлемеу, жоспарлы көрсеткіштерді төмендету фактілері тіркелген. Холдингтің даму жоспарының орындалуына бақылау күшейтілуі тиіс.

– Қор қолданатын ақпараттық жүйелер де жеткіліксіз. 7 жүйенің тек 4-еуі қолданыста, басқарушылық есеп жүргізуге арналған SAP BPC жүйесі дұрыс жұмыс істемейді. Бірқатар компанияда қаржылық есеп әлі де қолмен жүргізіледі. Ішкі нормативтік құжаттарды жүйелеу мәселесі де өзекті. Қордағы құжаттардың шамамен 15 пайызы қолданылмайды, қайта қарауды немесе күшін жоюды қажет етеді. «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесі жанындағы 5 комитеттің 3-еуі және қор басқармасы жанындағы 7 комитеттің 2-еуі соңғы кезеңде жұмыс істемеген. Бұл холдингтің басқару құрылымының күрделілігін көрсетеді, – делінген ақпаратта.

Холдингтің өзіне қарасты құрылымында 6 деңгейге бөлінген 326 компания бар. 2020-2024 жылдары қор тобында 23 белсенді емес компания болған, ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша 41 компания жұмысты шығынмен аяқтаған. Бұл активтерді оңтайландыру қажеттілігін айқын көрсетеді.

Инвестициялық жобаларды басқару мен бақылауда да проблемалар анықталды. 2020 жылдан 2024 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде қор компанияларының 175 жобасының тек 49-ы ғана аяқталған.

Аудит қорытындысы бойынша:

  • 351,8 млн. теңге көлемінде қаржылық бұзушылық,
  • 122,2 млрд. теңгеге тиімсіз жоспарлау және қаражатты пайдалану фактілері,
  • 119 жүйелік кемшілік тіркелді.

Бірқатар материал әкімшілік іс қозғау үшін жолданды, ал кейбір бұзушылықтар бойынша материалдар құқық қорғау органдарына берілді.

Қатысты жаңалықтар

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

«Turgyndar amanaty» жобасы таныстырылды

07.05.2026
Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

Құрылысы қарқынды, сәулеті келісті

07.05.2026
Ел қорғаған егіздер

Ел қорғаған егіздер

07.05.2026
Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

Қапалдағы волейболдан облыстық турнир

07.05.2026
Жол жұмыстары жандануда

Жол жұмыстары жандануда

07.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.