Балаға ат қою – әр отбасы үшін жауапты әрі ерекше сәт. Ұлттық статистика бюросы ат қоюға байланысты 2025 жылдың 1 қаңтарынан 10 желтоқсанына дейінгі мәліметтерді жариялады.
Биылғы жылдың сөзсіз фавориттері – ұлдар арасында Мұхаммед, ал қыздар арасында Айлин болды.
Биыл дүние есігін ашқан кішкентай ханшайымдарға ата-аналары көбіне заманауи және дыбысталуы жеңіл есімдерді таңдаған.
Көш басында тұрған Айлин есімі 5305 қызға беріліпті. Ал үздік үштікті Асылым мен Медина түйіндеп тұр.
Қыздарға арналған ТОП-10 тізім:
-
Айлин – 5305;
-
Асылым – 4302;
-
Медина – 3942;
-
Айша – 3310;
-
Томирис – 2957;
-
Мариям – 2608;
-
Сафия – 2575;
-
Аяла – 2456;
-
Адия – 2371;
-
Айым – 2266.
Былтырғы жылмен салыстырсақ, Айлин, Медина, Асылым және Айша есімдері өз позицияларын мықтап ұстап тұр.
Ер балалардың есіміне келгенде қызықты үрдіс байқалады. 2014 жылдан бастап ұзақ уақыт бойы «Әлихан» есімі көш тізгінін бермей келген еді. Алайда, соңғы екі жылда жағдай өзгерді.
2024 жылы Мұхаммед есімі алға шығып, Әлиханды екінші орынға ығыстырған болатын. Бұл тренд 2025 жылы да жалғасын тапты.
Ұлдарға арналған ТОП-10 тізім:
-
Мұхаммед – 2537;
-
Әлихан – 2330;
-
Айсұлтан – 2305;
-
Омар – 2225;
-
Алдияр – 2129;
-
Алан – 2093;
-
Мухаммад – 2042 (жазылуы өзгеше);
-
Әмір – 1926;
-
Хамза – 1682;
-
Әли – 1562.
Байқасаңыз, тізімде пайғамбарлар мен тарихи тұлғалардың есімдері басым. Сондай-ақ, рейтингте бұрын болған Нұрислам есімі биыл үздік ондықтан шығып қалған.
Тағы бір қызық дерек: тізімде «Мұхаммед» және «Мухаммад» есімдері екі бөлек көрсетілген. Егер оларды біріктірсе, бұл есімнің үлесі тіптен арта түсер еді.





