Талдықорған: +15°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Еңбегі жанған Ерзат

13 желтоқсан 2025
РУХАНИЯТ
Еңбегі жанған Ерзат

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Елді алға сүйрейтін – дүркіреп тұрған реформалар да емес, сырттан келген дайын шешімдер де емес, өз жерінің өркендеуіне үлес қосуды азаматтық борышы санайтын қарапайым еңбекшінің табандылығы.

Елдің ертеңін қалыптастыратын күш те, жердің келешегін жаңғыртатын қуат та дәл осындай адамдардың қолында. Сондай жанның бірі – Екпінді ауылының тумасы, тракторшы-механизатор Ерзат Мұратқалиұлы.

Үйдегі үш баланың кенжесі болса да, «кенжемін» деп еркелеген емес. Нағыз қазақ ауылына тән тәрбиемен өскен ол ес білгеннен ата-анасының жанында жүріп мал жайғады, жер жыртып, шөп шабуға көмектесті. 2008 жылы «Хильниченко и К» шаруа қожалығына қабылданған күннен техниканың да тілін тез меңгерді. Трактор мен комбайнның «мінезін» алыстан танитын деңгейге жетті. Содан бері 18 жыл бойы бір маусымда алқаптан сырт қалған емес. Көктемгі науқан, жазғы шабындық, күзгі жиын-терін – бәрінде таңғы салқынмен бірге жұмысқа кірісіп, қараңғы түскенше тынымсыз еңбек етеді.

Екі жыл бұрын отау құрып, әке атанған оның өмірінде тағы бір жаңа жауапкершілік пайда болды. Енді ол тек шаруашылықтың ғана емес, отбасының да қорғаны. Жұмыстан шаршаған күні баласының күлкісі, шаңырақтың жылуы оның бойына жаңа күш сыйлайды.

Ескелді ауданының ауыл шаруашылығы соңғы жылдары қарқын алып келеді. Бұл жетістік – кабинетте қолдан жасалған есептің емес, Ерзат секілді қарапайым адамдардың еңбегінің жемісі. Алқапта жүрген әр күн, әр жиналған бау, әр дән – елге қосылған үлес.

Ол – өзін «ерлік істеп жатырмын» деп есептемейтін, бірақ шын мәнінде елдің азығын, ауылдың ырысын қамтамасыз етіп жүрген азамат. Адамдардың назарында болмауы мүмкін, бірақ ауылдың әр таба нанында, әр қап астығында оның маңдай тері жатыр.

Нағыз еңбек адамы – дабырасыз, дау-жанжалсыз, үнсіз істейтін жандар десек, Ерзат Мұратқалиұлы дәл сондай азамат. Осындай адамдар барда ауыл өмірі ешқашан өзегін жоғалтпайды, елдің де ырысы кемімейді.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Дрондар додасы:  мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

Дрондар додасы: мемлекеттік органдар арасында ауқымды жарыс өтті

18 қараша 2026
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына дайындық қарқынды жүргізілуде

18 қараша 2026
Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

Ғылым министрлігі ҚазҰУ-да кешенді мониторинг жүргізеді

18 қараша 2026
Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

Еңбек ұжымдарына Жолдау міндеттері түсіндірілді

18 қараша 2026
«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

«Әділет» партиясы: Жетісуда мәдениет саласының инфрақұрылымы жаңарады

17 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.