Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Біз қалада тұрамыз…

24.01.2026
КҮНДЕРЕК
Біз қалада тұрамыз…
WhatsAppTelegramFacebook

Қаламыз шағын болғанымен, айналамызда серейген кран көп. Күн сайын көкке қарай бой созған жаңа үйлер пайда болуда. Қарасаң құрылыс қарқынына сүйсінесің. Ал сол үйлердің көлеңкесінде өмір сүріп жатқан қарапайым қазақтың күйін ойласаң, көңіл құлазиды. 

Жақында көрші пәтерге бір отбасы көшіп келді. Үбірлі-шүбірлі балалары бар екенін аңғардық. Аулаға ойнауға шықса шұрқырасып шығып, ойнап болған соң дүниені көшіргендей кіріп келе жатады. Олардың бұлай жүргені езу тарттырып, тату-тәтті тірліктері көңіл қуантады.

Бір күні әлгі балдырғындардың ішіндегі естияры: «Әкеміз бізге үлкен үй салып береді. Сендердің де, менің де өз бөлмеміз болады. Анамыздың ақшасы бізді қыдыртуға жетеді», – деп құмнан жасаған қиялындағы баспананың жобасын өзінен кіші іні-сіңлілеріне көрсетіп отыр екен. Есіме көрші пәтердің жалға берілетіні орала кетті. Мұның алдында жалдап тұрған жас отбасы ақысын төлей алмай жатақханаға көшіп бара жатқанын сол тұрғын үйде тұратын танысымнан естіген едім.

Бұл екі бөлмелі үйдің иесі әкімдікте істейтін бір дөкей екенін де сол көршілер айтқан. Көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатқанда тұрғындарға әлгі дөкей қолда тұрған соң қонышынан басқанын айтып мақтанған көрінеді. Содан іштей жақтырмай қалдым.

Демалыс күндері есік алдында көлігімді жөндеп жатқанмын. Жасы шамамен қырықтан асқан бір жігіт жаныма таяп келіп, қолымды алып «көмек керек емес пе?» деген сыңай танытты. Аса бұзылып тұрған ештеңесі жоқ екенін айттым. Сөйтсем әлгі жігіт жақында ғана көшіп келген көршім екен. Ойнап жүрген қыздары әкелерін көре сала бірінен кейін бірі келіп, құшақтап жатыр.

Қазақ болған соң жөн сұрасу қанымызға сіңіп кеткен әдет емес пе?! Жаңағы көршім мені күнде көретінін, қайда жұмыс істейтінімді біледі екен. Содан өзі жөнінде сұрадым. Көлік жөндеу орталығында еңбек етіп жүргеніне 20 жылдан асыпты. Келіншегі қаладағы бір мектептің еденін жуатынын айтты. Сәлден кейін әңгіме ауаны сол баяғы баспана жағдайына ауысты. Атпалдай азаматтың айтқандарын тапжылмай тыңдап отырмын.

– Көрші, ауылдан қалаға көшіп келгенімізге 19-20 жылдай уақыт болыпты. Бір баспанаға қол жеткізу арман болып кетті. Үй жөнінде Үкімет шығарған Заңның біріне ілікпейді екенбіз. Әйеліміз екеуміздің тапқан-таянғанымыз пәтерақы мен ішіп-жемнен артылмайды. Әупірімдеп өмір сүріп жатырмыз, – деді ол.

Баспанасыз жүрген қазақ көп. Жалдап тұратындар, ата-ананың үйін, бір пәтерді паналаған бірнеше отбасы барын құлаққағыс етіп өтті.

Оның айтқандарының ешқайсысын жоққа шығармадым. Көршім көлік жөндеп жүрсе де үнемі кітап оқитынын да сөз арасына қыстыра кетті. Маған: «Кәдірбек Сегізбайұлының «Біз қалада тұрамыз» романын оқыдың ба?» – деді. «Оқымасаң оқып шық, біз қазақтар Кеңес үкіметінде қандай күй кешсек, бүгінде дәл сол күйді кешудеміз. Өз елімізде өзіміз өгейміз», – деп тоқталды. Тұрған орнынан кері бұрылып бара жатып: «Біз қалада тұрамыз… Пәтерден-пәтерге көшіп», – деді де жалдамалы баспанасына бет алды.

Қалада салынған әр баспана – біреудің үкілеген үміті секілді көрінеді. Бірақ ол үміттің кілті көп жағдайда жоқтың емес, бардың қалтасында кетеді. Әттең…

 

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.